16.09.2017, 10:28 5685

Алматы кәсіпорны еліміздегі соя тұздығын шығаратын алғашқы өндірісті іске қосты

Алматыда қала күнін мерекелеу қарсаӊында "ЦИН-КАЗ" ЖШС кәсіпорныныӊ еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын өндірісі іске қосылды.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today -Алматыда қала күнін мерекелеу қарсаӊында "ЦИН-КАЗ" ЖШС кәсіпорныныӊ еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын өндірісі іске қосылды. Бұдан басқа, зауыт көкөніс салаттарын дайындаудыӊ жаӊа желісін іске қосты. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өӊдеу кәсіпорны қолданыстағы өндірісті жаӊғырту, автоматтандыру және кеӊейту жүргізгеннен кейін 2 жаӊа цех пайдалануға енгізілді. Өнімніӊ қызанақ пастасы, кетчуп, жеміс тоспасы және тұздық секілді барлығы 20-дан астам тауарлар атауымен аталатын түрі бар.

Өндірістіӊ қуаты жылына барлық өнімніӊ 6,3 мыӊ тоннасын құрайды, бұл қазақстан нарығыныӊ қызанақ пастасына деген қажеттілігініӊ 50%-дан астам қажеттілігін жабады. Компанияныӊ өнімі Қазақстанныӊ, Ресейдіӊ және Қырғызстанныӊ 42 өӊіріне ұсынылды.

Зауыттыӊ "Кәсіпкерлікті қолдау картасыныӊ және "Агробизнес-2020" бағдарламасыныӊ қатысушысы болып табылатынын атап өтеміз,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны