28.04.2014, 20:34 18400

"Алматы - Қорғас" учаскесінің құрылысы басталды

Жалпы, жоба бойынша учаскеде 56 көпір, 13 жол айрықтары, 22 жол өтпесі мен 460 су өткізетін құбыр салу жоспарланған.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Алматы облысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің соңғы учаскелерінің бірі ұзақтығы 304,4 км "Алматы - Қорғас" автомобиль жолының құрылысы басталды.

Ол есептік қозғалыс жылдамдығы 120 км/сағ арналған IБ техникалық санат өлшемдері бойынша салынатын болады, деп ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Учаске 8 лотқа бөлінген, құрылысқа 8 мердігерлік компания жұмылдырылды. Қазіргі кезде барлық учаскелерде темір-бетон бұйымдар мен инерттік материалдар жоғарғы екпінмен әзірленуде, техника мен жұмысшылар тарту жұмыстары өткізілуде. Сонымен қатар, топырақ төсемін жасау, көпірлер мен су өткізетін құбырлар салу басталды. Құрылыс жұмыстарына қазір 688 жол техникасы мен 1 362 адам қатысуда.

Жалпы, жоба бойынша учаскеде 56 көпір, 13 жол айрықтары, 22 жол өтпесі мен 460 су өткізетін құбыр салу жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің жалпы ұзақтығы 2787 км құрайды, оның 2452 км қайта салынуы тиіс. 2011 жылы 215 км пайдалануға берілді, 2012 жылы 700 км, 2013 жылы - 812 км жол бойында қозғалыс ашылды.

2014 жылы құрылыс аяқталып, жалпы төрт облыста 157 км бойында қозғалыс ашу жоспарланған. Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында қазіргі таңға дәлізді қайта салу жұмыстары толықтай аяқталған болатын.

Сөйтіп, 2014 жылы құрылыс жұмыстары көршілес мемлекеттерге шығар учаскелерде, атап айтсақ, Алматы қаласынан Қытай Халық Республикасы шекарасына қарай, Жамбыл облысынан Өзбекстан Республикасына қарай ғана жүргізілетін болады.

Автодәліздегі құрылыс жұмыстарын аяқталу 2015 жылга жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны