09.03.2010, 17:28 3549

Алматы метросының бірінші кезегінің құрылыс жұмыстары тек қана 64%-ға аяқталды - газет

Алматы метросының бірінші кезегінің құрылыс жұмыстары тек қана 64%-ға аяқталды - газет

Алматы. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы метросының бірінші кезегінің құрылыс жұмыстары тек қана 64%-ға аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Время" газетіне сілтеме жасап.

"Алматы метросының бірінші кезегінің құрылыс жұмыстары тек қана 64%-ға аяқталды. Ал метроны пайдалануға беру мерзімі төрт жылға кейінге шегерілген. 2009 жылдың қазан-қараша айларында бюджет қаржысының пайдаланылуына тексеру жүргізген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті осындай тұжырымға келді ", - деп жазады басылым.

Есеп комитетінің ақпаратына сәйкес, "метро құрылысының барысын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер анықталды. Алматы жолаушылар транспорты басқармасы 2009 жылы "Алматыметроқұрылыс" АҚ мен "Метропроект" ЖШС-іне жиынтық қаржыландыру жоспарында қарастырылғаннан да артық көлемде, тиісінше 191,5 млн теңге және 23,5 млн теңге көлемінде қаржы бөлген. Алайда байқау өткізілмеуге байланысты қаржы игерілмей қалды. Сөйтіп, жабдықтаушылар тарапынан міндеттемелер орындалмады".

"Бізге бөлінген қаржыдан артық көлемде қалай аудара аламыз? Бюджет жан-жақты есептеледі емес пе. Біз олармен (есеп комитетінің қызметкерлерімен) тәжікелесіп жатпау үшін қарсылық білдірмедік! Бұл -ақымақтық! Метроға аударатын мұндай ақшаны біз қайдан алар едік? Тапсырыс беруші - біз бен салынып жатқан метроның дирекциясы түрінде мердігер аласында шарт бар. Бұл шарт Қазақстан Республикасының Қазынашылық мекемесінде тіркеледі. Бірақ қазынашылық мекемесі ақша жоқ болса немесе ол артық болса шартты ешқашан тіркемейді. Сол себепті ондай тұжырымның қалай жасалғанын мен түсінбеймін. Ал қаржының игеруілуіне келсек, құрылыс басталған сәттен бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін 162 млрд теңгенің 108 млрд теңгесі игерілді. Бұл - жалпы көлемнің шамамен 70%-ы ", - деді Алматы қалалық жолаушылар транспорты басқармасының бастығы Владимир Меренков.

Метроның пайдалануға берілу мерзімі туралы сөз қозғаған ол : "құрылыс жұмыстары қаржыландыруға байланысты", деді. "Ақша соңғы үш жылда беріліп жатыр, ал оған дейін олай болған емес. 2006 жылға дейін мүлдем қаржыландырылған жоқ. Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасына сәйкес, метроны 2008 жылы пайдалануға беру жоспарланды, одан кейін 2009-шы жылға шегердік", - деді ол.

"Егер бізге өзіміз сұраған 34 млрд теңгені жаздың ортасына дейін беретін болса, онда биыл бітеді. Егер бөлінбесе, онда келесі жылға қалады деген сөз. Есеп комитетінің отырысына мен тікелей қатыстым, олардың алдында есеп бердім. Іс жүзінде барлығы да бәрін түсінді. Олар үкімет тарапынан шара қолданылуы, қаржыландыру мерзімін созбауы үшін жазып жатырмыз деген. Неге десеңіз, құрылыс басталғалы тіпті 22 жыл өтті емес пе", - деді В. Меренков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны