24.07.2016, 22:49 4567

Алматы облысы әкімдігінде жер пайдалану мәселесі талқыланды

Алматы облысы әкімдігінде өӊір әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіровтіӊ төрағалығымен облыстық жерге орналастыру қызметініӊ жартыжылдық қорытынды жиналысы өтті

Талдықорған. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімдігінде өӊір әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіровтіӊ төрағалығымен облыстық жерге орналастыру қызметініӊ жартыжылдық қорытынды жиналысы өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Жиында облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Ж.Омаров жергілікті атқарушы органдардыӊ жер ресурстарын тиімді пайдалануы туралы баяндама жасады.
Баяндамашыныӊ айтуынша, жер реформасы мәселелері бойынша "Call-орталығы" құрылып, кезекшілік кестесі бекітілген. Мұндай орталықтар аудан, қалаларда да жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік маӊызы бар жобалар Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар аудандарыныӊ аумағынан өтетін "Казыбек-бек-Жетіген темір жолына", Алматы қаласынан шығып "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына" қосылатын Саин, Рысқұлов, Ақын Сара көшелеріне, Талғар ауданындағы "Ақбұлақ-Бірлік-Талғар" автомобиль жолдарына, жеті ауданныӊ аумағында жүргізіліп жатқан "Алматы-Талдықорған", "Байсерке-Қапшағай" газ құбырына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде. Ж. Омаров сонымен қатар "Гейт Сити" серіктес қаласыныӊ жол-коммуникациялық дәлізіне, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолыныӊ құрылысына және осы қалаға қажетті газ құбырына түсетін жер учаскелерініӊ құжаттарын дайындау мәселелеріндегі кемшіліктерге тоқталды.
Сондай-ақ облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары әлі де ширатуды қажет ететінін тілге тиек етті. Пайдаланылмай жатқан жерлердіӊ басым бөлігі Ақсу - 119,9 мыӊ гектар, Алакөл - 29,1 мыӊ га және Қаратал 32,7 мыӊ га. аудандарында екені анықталған.
Жалпы заӊсыздықтар иесіз мүлік ретінде есепке қойылған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, жердіӊ нысаналы мақсатын заӊсыз өзгерту, мораторий талаптарын сақтамау, жер учаскелерін заӊдастыруға берілген мерзімдердіӊ сақталмауы сияқты мәселелерде орын алған.
Бұдан кейін облыстық жердіӊ пайдаланылуы мен қадағалануын бақылау басқармасыныӊ басшысы А. Жолдоғұтов, жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы департаментініӊ Алматы облысы бойынша филиалыныӊ директоры Б. Жылқыбеков, бірқатар аудандардыӊ жер қатынастары бөлімініӊ басшылары сөз алды.
Осы жиында "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалыныӊ кеӊесшісі М. Қыдырқожаева, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктіӊ Алматы облысы бойынша департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы Д. Сабырбаев сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу және онымен күрес мәселелері туралы сөз қозғады.
Жиын соӊында облыс әкімініӊ орынбасары С. Бескемпіров жер қатынастары және жерді пайдалану ісіне қатысты заӊ бұзушылықтарды болдырмау, кемшіліктерді жою туралы нақты тапсырмалар берді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны