23.01.2014, 20:33 5309

Алматы облысында 2013 жылы 140 мыңға жуық тұрғын мемлекеттік әлеуметтік көмекке ие болды

Алматы облысында 2013 жылы 139,9 мың адамға түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді, деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Алматы облысында 2013 жылы 139,9 мың адамға түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді, деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жергілікті 139,9 мың тұрғынға 2,1 млрд. теңгеге түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Қомақты қаржының 674 млн. теңгесі аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан кәмелеттік жасқа толмағандарға жәрдемақы, 144,4 млн. теңге кедейлік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы көмек ретінде берілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өткен жылы жұмыспен қамту орталығына 21 мыңнан астам адам жүгінсе, оның 18,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Жалпы, ірі және шағын кәсіпорындарда 2013 жылы орташа жалақы 81088 теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 4,8% көбейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны