10.04.2009, 18:38 3147

Алматы облысында 23 ауылдық тұтыну копперативтеріне мемлекет тарапынан 1 миллиард 363 миллион 600 мың теңге жеңілдетілген несие берілген - АШМ

Алматы облысында 23 ауылдық тұтыну копперативтеріне мемлекет тарапынан 1 миллиард 363 миллион 600 мың теңге жеңілдетілген несие берілген - АШМ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында 23 ауылдық тұтыну копперативтеріне мемлекет тарапынан 1 миллиард 363 миллион 600 мың теңге жеңілдетілген несие берілген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың Алматы облысының шаруашылықтарына сапары кезінде мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін жұмыс сапарымен Алматы облысында жүрген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Талғар ауданында қант қызылшасын өсірушілерінің облыстық семинарына қатысып, жиналған шаруалармен қант қызылшасына қатысты мәселені талқылады. Қант зауыттары шаруаларға қолдау жасап, шикізат өндіруге атсалысып, саланы дамытуға мүдделі болуы керек деп мәлімдеді. Алматы облысы әкімшілігінің мәліметі бойынша биыл облыс шаруашылықтарында 13,6 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егіледі.

Министрдің тағы бір ерекше тоқталғаны ауыл шаруашылық тауар өндірушілері коперативтерін құру мәселесі болды. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына негіз болатын бұл бастама ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді біріктіруге жағдай жасайды. Қазір Алматы облысы бойынша 23 ауылдық тұтыну копперативтері құрылған. Оларға мемлекет тарапынан 1 миллиард 363 миллион 600 мың теңге жеңілдетілген несие берілген.

Сонымен қатар министрдің жұмыс сапары Жамбыл, Қарасай аудандарында жалғасты. Шаруашылықтарды аралап көктемгі егіс науқанының барысы, мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жергілікті мамандармен талқылап, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралардың негізгі тетіктерін түсіндірді. Жалпы Алматы облысы бойынша көктемгі егіс науқанына дайындық жоспардағы деңгейде. Техника негізінен дайын және керекті жанар-жағар май қоры жинақталған. Министр күздік бидайдың алқабын көріп егіннің шығымының жақсы екенін атап өтті.

Жаңадан салынып жатқан сүт фермасы, жылыжай, бордақылау алаңының құрылысымен танысты. Асыл тұқымды мал шаруашылығын аралап мал тұқымын асылдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес Алматы қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін құру шараларымен танысты.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында ғалымдармен кездесіп ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу және егін шаруашылығының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Министрдің жұмыс сапары ертең Жамбыл облысында жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны