13.04.2018, 10:07 5675

Алматы облысында 28 кооператив қаржыландырылды

Нариман Ибілшайықов Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Мысалы, өткен жылы облыста 28 кооператив құны 1 млрд теӊгеден астам сомаға қаржыландырылды

Талдықорған. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында 28 кооператив қаржыландырылды. Фермерлер өнімді ірі сүт зауытына тасымалдауды жолға қойған.

Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ қатысуымен өткен Өӊірлік кеӊестіӊ кеӊейтілген отырысында мәлімдеді.

Өӊірлік бизнеске көрсетілген негізгі қолдау шараларына арналған баяндамасында Нариман Ибілшайықов үш мемлекеттік бағдарламаныӊ қосындысы ("Бастау", ауыл шаруашылығын дамыту және кооперация) ауыл тұрғындарыныӊ жобасына негіз болғанын атап өтті.

""Бастау" жобасы бойынша оқытуға аудандардағы өӊдеуші кәсіпорындардыӊ мамандары шақырылған болатын. Оқыту аясында сарапшылар кәсіпорындардағы сұраныс деӊгейі, қажетті шикізат сапасы жөнінде айтып берді. Осындай семинарлардыӊ бірінде Еӊбекшіқазақ аудандардағы қатысушылар өз күштерін біріктіріп, бизнес-жоспар дайындады. Одан соӊ қаржыландыруға қол жеткізіп, "Жиделі Байсын" атты ауыл шаруашылығы кооперативін құрды. Бірлескен жұмыстыӊ басты нәтижесі бұл - "ФудМастер" ірі сүт зауытымен жасалған келісім болды", - дейді облыстық Палата басшысы.

Биыл өӊірде "Бастау" жобасы бойынша 3 361 азаматты оқыту мен 672-ден кем емес жобаны қаржыландыру жоспары тұр. Жалпы облыс бойынша шағын несиеледіруге 4,4 млрд теӊге бөлінген.

Нариман Ибілшайықов Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Мысалы, өткен жылы облыста 28 кооператив құны 1 млрд теӊгеден астам сомаға қаржыландырылды.

Кәсіпкерлерді қолдау және тапсырыс берушілердіӊ талаптарын ескеру ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасымен бірлесе отандық тауар өндірушілердіӊ тізілімі әзірленді. Қазіргі таӊда ол тізілімде 5 713 кәсіпорын енгізілген.

Импорт алмастыру қызметі барысында 8 салада жұмыс істеп тұрған 174 кәсіпорынға сараптама жүргізілді. Өткізілген паспорттау нәтижесі бойынша импорт алмастыруға жататын тауарлар тобы анықталды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ кеӊейтілген отрысында бизнес өкілдері жеӊілдетілген несие қолжетімділігі, "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жеткізуге қолдау көрсету мәселелері көтерілді және бақ шаруашылығына мемлекеттік қолдауды күшейту туралы ұсыныс білдірілді.

Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов аталмыш сұрақтар мен ұсыныстар жіті зерттеліп, сондай-ақ, оларды шешу үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны