08.01.2014, 18:21 8566

Алматы облысында 64 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Аталмыш нысанның жалпы сметалық құны - 432 млн 696 мың теңге, инженерлік коммуникация жүргізуге республикалық бюджеттен 10 млн теңге, ал облыстық қазынадан жеті миллоннан астам теңге бөлінген.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Қарасай ауданындағы "Алтын ауыл" шағын ауданында сегіз қабатты 64 пәтерлі жалдамалы үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қоныс тойын тойлау "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асыру аясында мүмкін болды.

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жарас Қатубаевтың айтуынша, тұрғын үйді "Болашақ-Сәулет" ЖШС тұрғызған. Аталмыш нысанның жалпы сметалық құны - 432 млн 696 мың теңге, инженерлік коммуникация жүргізуге республикалық бюджеттен 10 млн теңге, ал облыстық қазынадан жеті миллоннан астам теңге бөлінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны