24.08.2012, 11:25 3168

Алматы облысында ағымдағы жылдың соңына дейін "А" класты жаңа логистикалық орталығы пайдалануға беріледі

Алматы облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша "А" класты жаңа логистикалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның аймақтың филиалына сілтеме жасай отырып.

Талдықорған. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында ағымдағы жылдың соңына дейін "А" класты жаңа логистикалық орталығы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша "А" класты жаңа логистикалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның аймақтың филиалына сілтеме жасай отырып.

"Free Line Distrubution" компаниясы 2012 жылдың соңында өзінің "А" класты жаңа логистикалық орталығы пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан кәсіпорындарына барлық логистикалық қызметтерді көрсетеді", - деп атап өтті қорда.

Қордың ақпаратына қарағанда, аталған жоба "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы атанған. Осы бағдарламаның шеңберінде 3,5 млрд теңгенің кредит желісі бойынша "Даму" қоры, "Free Line Distribution" ЖШС және "Қазақстанның Халық банкі" АҚ арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау келісімшартына қол қойылмақ. Бағдарламаның шарттары бойынша, компания 7% көлемінде сыйақы мөлшерлемесін субдиялауға қол жеткізеді.

"Free Line Distribution" ЖШС атқарушы директоры Алексей Лаврентьевтің сөзіне қарағанда, пайыздарды төлеу шығындарын төмендету компанияға инвестициялардың орнын жабу мерзімін оңтайландырып, аталған логистиялық орталықты тиімді іске қосуды қамтамасыз етуге және Қазақстан кәсiпорындарына логистикалық қызмет көрсету саласында компанияларды одан әрі дамытуға мүмкiндiк бередi.

"Free Line Distribution" компаниясының бұл жобасы Алматы облысы Іле ауданында жалпы аумағы 28 мың шаршы метрден асатын "А" класты жаңа логистикалық орталықтың құрылысын жүргізіп, жұмысын ұйымдастыруды қарастырады. Нысанның құрылысы 2011 жылдың маусымында басталды, 2012 жылдың соңына қарай орталықты әлеуетті клиенттер үшін ашу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны