02.04.2009, 19:11 3221

Алматы облысында агротехнологиялық соңғы жетістіктерді қолдана отырып қарқынды технология бойынша жеміс бақтарын құру жобаларының алғашқы кезеңін іске асыру аяқталды

Алматы облысында агротехнологиялық соңғы жетістіктерді қолдана отырып қарқынды технология бойынша жеміс бақтарын құру жобаларының алғашқы кезеңін іске асыру аяқталды

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында агротехнологиялық соңғы жетістіктерді қолдана отырып, жаңа піскен жемістер өндіруге бағдарланған "Alma Prodex" ЖШС компаниясы арқылы қарқынды технология бойынша жеміс бақтарын құру жобаларының алғашқы кезеңін іске асыру аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Құны 158 млн астам теңге тұратын жоба "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландыруымен іске асырылуда. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70 пайызы Италиядан, Бельгиядан, Түркиядан екпе ағаштарын сатып алуға жіберілді. Қалған бөлігі - өндірісті Израиль технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жарақтандыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдық объектілерін салуға жұмсалды. Бүгінгі таңда ауқымы 25 га жерге алма екпе ағаштары отырғызылған. Алғашқы түсім биылғы жылы алынады деп жоспарлануда. Қазақстанның ауа райы жағдайында бейімделу қабілеттерін зерделеу мақсатында ауқымы 5 га тәжірибе алаңында алма ағаштарынан басқа қара өрік, сары өрік, шабдалы, алша мен алмұрт екпе ағаштары да отырғызылған.

Жоба негізіне Италия, АҚШ, Голландия мен Түркия елдерінің вируссыз отырғызылатын материал қолдану арқылы жоғары өнімді қарқынды жеміс бақтарын құру бойынша озық тәжірибелері алынған. Жоба тамшылатып суару жүйесін, сондай-ақ өзге де озық агротехнологияларды қолдануға негізделген. Жобаның басты мақсаты - халық мұқтаждықтарын арзан баға бойынша жаңа піскен жоғары сапалы жемістермен қанағаттандыру.

Жоба көлемі 2 га жеміс бақтарын салуға арналған үдемелі игерілетін алаңы бар және 7 мың тоннаға арналған газды ортасы бар жеміс қоймасымен бірге кезеңмен үш жыл бойы іске асырылады деп болжам жасалуда. Бұдан басқа шаруашылықта тәулігіне 20 тонна жеміс сұрыптау және орау желісін орнату және меншікті көлік инфрақұрылымын құру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ "Alma Prodex" компаниясының өтінімін қарауда, бұл өтінімге сәйкес қарыз алушы екінші кезеңді іске асыру мақсатында бақты 300 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның жалпы құны - 2 млрд теңгеден астам.

Бұрын айтылып кеткендей, ауылда инвестициялық жобалар үкіметтің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде қаржыландырылады, осыған сәйкес агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту үшін "ҚазАгро" Ұлттық холдингіне 120 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

"ҚазАгроҚаржы" компаниясы 1999 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарды алуға мүмкіндік бере отырып, республикамыздың аграрлық секторына қолдау жасау. "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны