21.04.2017, 23:10 7077

Алматы облысында Ақсу қант зауытында жөндеу жұмыстары басталды

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Ақсу ауданына жұмыс сапарымен барып, Ақсу қант зауытын іске қосуға дайындық жұмыстарыныӊ барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ ?кімі Амандық Баталов Ақсу ауданына жұмыс сапарымен барып, Ақсу қант зауытын іске қосуға дайындық жұмыстарыныӊ барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Алматы облысы ?кімініӊ баспасөз қызметі.

Алдымен Б. Сырттанов ауылындағы "?лихан" шаруа қожалығыныӊ алқабында болып, көктемгі дала жұмыстарыныӊ атқарылу барысын көрді. Шаруашылық жетекшісі Берік Тынышбаевтыӊ айтуынша, иелігіндегі 280 гектар жердіӊ өткен жылы 15 гектарына қант қызылшасын сеуіп, қызылша өнімділігі ?р гектарына 700 центнерге дейін жеткен. Табыстыӊ тиімділігі мен Ақсу қант зауытыныӊ биыл іске қосылатынына ынталанған шаруашылық биыл қант қызылшасы себілетін алқап көлемін 35 гектарға жеткізуді көздеп отыр. Облыс басшылығы алқап басына келгенде қызылша себу жұмыстары жүріп жатты.Төрт түрлі қызмет атқаратын, яғни топырақ үгетін, тыӊайтқыш пен тұқым себетін, топырақтыӊ бетінжабатын төрт техника сап түзеп дала төсінде тынымсыз жұмыс істеуде.

Аталмыш шаруа қожалығы мал ж?не егіншаруашылығы үшін 3,5 млн. теӊге көлемінде субсидия алған. Қожалық тұрақты 8 адамды, маусым кезінде 40 адамды жұмыспен қамтиды. Қызылшаныӊ француздық "Ардан" тұқымымен толық қамтылып, енді өзініӊ техникасына қосымша ауданда құрылған сервистік-дайындау орталығыныӊ тұқымсепкіш техникасыныӊ да игілігін көріп отыр.

Жалпы, облыста бүгінгі күні 19 СДО құрылса, соныӊ 9-ы қант қызылшасына лайықталған. Қант қызылшасыныӊ тұқым сепкеннен зауытқа тасымалдағанға дейінгі қажетті техникасыныӊ барлық түрімен қамтылған орталық шаруаларға үлкен жәрдемін тигізіп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы С. Бекішовтыӊ айтуынша, бүгінге дейін СДО-ларды аудан бойынша құрса, енді әр ауылдық округтіӊ қажеттілігі ескеріліп, округтер бойынша құруға қадамдар жасалуда.

Алқаптағы тәтті түбір себу ісініӊ барысымен, техниканыӊ дайындығымен, жұмысшылардыӊ жағдайымен танысқаноблыс әкімі А. Баталов мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектіӊ арқасында нәтижелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Облыс әкімі А. Баталов мұнан соӊ Ақсу қант зауытына келіп, к?сіпорынды аралады. Инвестор "Энергомост" консорциумыныӊ өкілдері кәсіпорынныӊ құрылыс, энергетика, құрал-жабдық сияқты іргелі блоктарыныӊ жаӊғыртылу жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар қаржылық, ұйымдастырушылық және жобалық процестердіӊ жүру барысы жайы да айтылды.

Жалпы зауытты іске қосудыӊ бірінші кезегіне 8 млрд. теӊге қажет болса, соныӊ 2,7 млрд. теӊгесін облыс "Жетісу" ИКК арқылы бөлмек, ал қалған 6 млрд. теӊге инвестицияны "Энергомост" консорциумы өзі құяды. Бірінші кезекте зауыттыӊ бүгінге дейін бүтіндей сақталып келген барлық құрал-жабдықтары зерделеуден өткізіліп, қажетіне қарай жөнделіп, ауыстырылады. Зауыт алғаш ашылған 1968 жылдан бері кәсіпорынныӊ кәнігі маманына айналған бас инженер Владимир Южковтыӊ айтуынша, тот басып тозған, әрі физикалық жағынан да, моральдық жағынан да ескірген жылыту қазандықтарын, құбырлар мен барабанын ауыстыру қажет. Ал қажетке жарайтын құралдар тек жөндеуден өткізіледі. Бұл бағыттағы зерделеу жұмыстарын арнайы мамандар бастап та кеткен.

Зауыт жөндеу және жаӊғырту жұмыстарына әзірге жергілікті 250 тұрғынды жұмысқа тартып отыр. Маусымдық кезеӊ басталған шақта зауыттағы жұмысшылар саны 700-ге жететін болады.

Облыс басшысы осы орайда зауыттыӊ мықты мамандарына арнап 20 пәтерлі үй салуды ұсынып, оныӊ тиісті құжаттарын әзірлеп, күзде құрылысын бастауды аудан әкімі И. Далбағаевқа тапсырды.

Зауыт инвесторларына кәсіпорында ертеден еӊбек етіп келе жатқан білікті мамандармен кеӊесе отырып жұмыс істеуге кеӊес берді. Сондай-ақ өӊірдегі шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отырып, өнім қабылдау кестесін де әзірлеп қою қажеттігін айтты. Зауыттыӊ шикізат алғаны үшін шаруаларға төлейтін қаражаты, яғни өзінде артық қоры болуы керектігін де тілге тиек етті.

- Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес биылғы жылдыӊ желтоқсанына Ақсу қант зауытын іске қосудыӊ барлық алғышарттары жасалып, іске кірістік. Еӊ бастысы ирригациялық жүйені қалпына келтіруден бастап дайын өнімді өндіруге дейінгі тұқым алу, арзандатылған бағамен жанар-жағармай алу, техникамен қамту, қызылша себу мен оны күтіп-баптау, жинау мен зауытқа өткізу сияқтыбарлық процестерді бір арнаға түсірдік. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар нәтижесінде қант қызылшасын себуге ниет білдіріп жатқан шаруашылықтар қатары артып келеді. Енді Ақсу қант зауытын іске қоссақ, бұл Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарыныӊ шаруашылықтары үшін және жергілікті тұрғындар үшін өзініӊ тиімділігін көрсететін болады, - деді А. Баталов.

Жалпы облыста биыл 9 мыӊ гектарға қант қызылшасы егіліп, мамыр айыныӊ он бесіне дейін тәтті түбір себу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны