09.08.2017, 19:27 5270

Алматы облысында бірінші жарты жылдықта тасымалданған жүк көлемі 89,2 млн. тоннаны құрады

"Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ арқасында Алматы облысында транзиттік әлеуетті артты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ ақпараты бойынша, 1-жарты жылдықта тасымалданған жүк көлемі 4,7 %-ға артып, 89,2 млн. тоннаны, ал жолаушы тасымалы 7,1 %-ға өсіп, 409,3 млн. адам тасымалданды.

Талдықорған. 9 тамыз. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ арқасында Алматы облысында транзиттік әлеуетті артты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ ақпараты бойынша, 1-жарты жылдықта тасымалданған жүк көлемі 4,7 %-ға артып, 89,2 млн. тоннаны, ал жолаушы тасымалы 7,1 %-ға өсіп, 409,3 млн. адам тасымалданды.

Биылғы жылы "Талдықорған - Өскемен", "Үшарал - Достық", "Ұзынағаш - Отар", "Күрті - Бурылбайтал" автокөлік жолдарыныӊ құрылыс және жаӊғырту жұмыстары басталады.

Жергілікті маӊыздағы жолдардыӊ құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 22,2 млрд. теӊге қаржы бөлінген. Алғашқы алты айдыӊ қорытындысы бойынша, өӊірде 14,3 шақырым жол салынып, жаӊғыртудан өтсе, 35 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалуда. Орта және ағымдағы жөндеумен 150 елді мекенніӊ ауылішілік жолдары қамтылды.

Еске сала кетейік, "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ негізгі міндеттері:

"шұғыла" қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру;

индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту;

бірыӊғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеӊберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаӊғырту (реконструкциялау және салу);

азаматтардыӊ тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;

білім беру саласыныӊ инфрақұрылымын дамыту;

кәсіпкерлік субъектілерініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

отандық машина жасауды қолдау;

экспортты қолдау;

АӨК субъектілерініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

"Бизнестіӊ жол картасы-2020" жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

зертханалық базаларды дамыту арқылы өнімдер сапасыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

болжамды ресурстарды бағалаумен Қазақстан аумағыныӊ зерделенгендігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізу жоспарланған:

2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ЖІӨ өсімініӊ 15,7% қамтамасыз ету;

2015 жылы - 395,5 мыӊ адамға жұмыс орнын ашу, оныӊ ішінде:

тұрақты - 86,9 мыӊ адам;

уақытша - 308,6 мыӊ адам;

2019 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингіндегі базалық инфрақұрылымныӊ сапасы көрсеткішін 57-орынға көтеру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны