22.05.2018, 11:20 4992

Алматы облысында Елбасыныӊ өӊірге келген сапарында берген тапсырмаларын орындау іс-шаралар жоспары таныстырылды

Жиын соӊында облыс әкімі Амандық Баталов осы айтылған мәселелердіӊ барлығын да айрықша бақылауға алу қажеттігін айтты. "Облыстағы жұмыс істеп тұрған базарларды ретке келтіру - кезек күттірмейтін мәселе. Оған қоса жол жиегіндегі қызмет көрсету нысандарыныӊ талапқа сай болуы да ұмыт қалмауы тиіс", - деді А. Баталов.

Талдықорған. 22 мамыр Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімдігінде облыс басшысы Амандық Баталовтыӊ аудан, қала әкімдерімен, облыстық басқармалар басшыларымен өткізген жиынында Президенттіӊ жуырда өӊірге келген сапарында берген тапсырмаларын орындау бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында ашқан облыс әкімі А. Баталов:

- Облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, оӊ бағалаған Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, әсіресе туризмді дамытуға ерекше назар салды. Алакөл көлі қазақстандықтардыӊ сүйікті демалыс орнына айналуы керектігін айтылды, соған байланысты инфрақұрылымды дамытуға айрықша көӊіл бөлінеді. Жуық арада Талдықорған - Үшарал, Үшарал - Достық жолдарыныӊ құрылысы басталады, Үшарал қаласындағы әуежайдыӊ ұшу жолақтары ауыстырылып, ірі әуе судналарын қабылдауға әзірленеді. Жағалауды бекемдеуге, тазарту құрылғыларын орнатуға, арнайы коммуналдық қызмет құру ісіне маӊыз беру керек. Бізге нақты ұсыныстар қажет. Ир жоба бүгінгі заман талаптарына сәйкес болуы тиіс, - деп атап өтті.

Аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату қажеттігін ескерте келе:

- Аудандар дамуыныӊ ара қатынасындағы теӊгерімсіздікті жою керек. Бұл - біздіӊ алдымызға Мемлекет басшысы қойып отырған маӊызды міндет. Ол үшін өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті әсіресе ауылды жерлерде дамытуымыз керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу - басты бағыттарымыздыӊ бірі болып қалуы тиіс, - деді А. Баталов.

Мұнан соӊ облыс әкімініӊ орынбасарлары әрқайсысы өзі жетекшілік ететін салалар жайында сөз етті.

Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов аудан, қала әкімдеріне өз өӊірлерінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарыныӊ қарқыны мен сапасын ерекше назарда ұстауды тапсырды.

- Бірыӊғай сәулеттік стильді сақтамай, тұрғын үйлер құрылысын бей-берекет жүргізіп жатқандар да бар. Жеке тұрғын үй үшін берілген учаскелерге әлі күнге үй салынбаған жағдайлар да кездеседі. Мұндай жер учаскелері қайтарылып алынуы керек. Осындай жұмыстыӊ барлығын аудан, қала әкімдері бақылауына алуы тиіс, - деді Л. Тұрлашов. Сондай-ақ бірінші орынбасар азаматтардыӊ мәртебесін анықтау мәселесіне де назар аударып, Сарқан, Панфилов, Қаратал аудандарыныӊ бұл ретте артта қалып келе жатқанын тілге тиек етті. "Тұрғын үй құрылысы, шағын несие беру, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, әскерге шақырту да үнемі назарда тұрсын", - деді ол.

Облыс әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіров негізінен екі мәселеге тоқталды. Біріншіден, жыртылған жерлердіӊ электронды карталарын minagro.gov.kz веб-порталыныӊ электронды мәліметтер базасына енгізу ісін жылдамдату керектігін айтты. Сондай-ақ жайылым жерлерді басқару жоспарларын дайындап, бекітуге де асығу керек. Қазіргі кезде Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында осы жоспарға қатысты жұмыстар аяқталмаған. С. Бескемпіров өз сөзінде қауіпті шегірткелер маусымы басталғанын да атап өтті. Сондықтан жағдай бақылауға алынып, қауіп тудырған ошақтар болса, бірден әрекет етуге дайын болу керектігі ескертілді.

Өӊірдегі газдандыру, санитарлық тазалық, жол жөндеу жұмыстары туралы облыс әкімініӊ орынбасары Айдарбек Байжанов мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, санитарлық тазалық жөнінен Талғар, Кербұлақ, Ақсу, Іле аудандарында көп кемшіліктер бар. Сонымен қатар Текелі, Талдықорған және Қапшағай қалаларында жолаушы тасымалын субсидиялау мен электорнды билет жүйесін енгізу негізгі мәселелердіӊ бірі болып отыр. Автобус бағыттарын реттеуге, арнайы тұрақтар қоюға мән беру керек.

Осы жылы ашу жоспарланған шағын және орта бизнестіӊ 100 нысаныныӊ қазіргі кезде 12-сі ғана ашылған. Бұл бағытта Ақсу, Панфилов, Іле, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай қаласы белсенді жұмыс істеуде. Басқа аудан, қалалар осы істі ширатуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімініӊ орынбасары Жеӊіс Тұяқов айтты. Аумақты дамыту, "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламалары бойынша да тиянақты жұмыс қажет. Индустриалды аймақтар мен өнеркәсіптік алаӊдарды дамыту мәселесі қашанда басым бағыттардыӊ қатарында болуы керек.

Илеуметтік салаға келсек, барлық қажетті материалдар бола тұра "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасы" бойынша түсіндіру жұмыстары аудандарда баяу жүруде.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру, студенттерге жатақхана салу, ҰБТ-ға дайындық және оны өткізу, балалардыӊ жазғы демалысын ұйымдастыру т.б. мәселелер облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ баяндамасына негіз болды.

Жиын соӊында облыс әкімі Амандық Баталов осы айтылған мәселелердіӊ барлығын да айрықша бақылауға алу қажеттігін айтты. "Облыстағы жұмыс істеп тұрған базарларды ретке келтіру - кезек күттірмейтін мәселе. Оған қоса жол жиегіндегі қызмет көрсету нысандарыныӊ талапқа сай болуы да ұмыт қалмауы тиіс", - деді А. Баталов.

- Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалып бекітілді. Бұл жоспар қазір аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларыныӊ қолдарына беріледі. Өз жұмыстарыӊызды осы жоспарға сәйкестендірулеріӊіз керек. Мұнда Алакөл маӊы, сүтті және етті мал шаруашылығы, бау-бақша, өнеркәсіп, ШОБ, жасыл энергетика және басқа да бағыттарды дамытудыӊ жолдары, жауапты тұлғалар мен орындау мерзімі айқын көрсетілген. Енді білек сыбана іске кірісіӊіздер, - деді Амандық Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны