12.12.2011, 10:05 3525

Алматы облысында ет өңдейтін кешен іске қосылды

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Алматы облысында "Байсерке-Агро" ЖШС-нің жаңа кәсіпорны - ет өңдеу кешені іске қосылды. Жобаны облыс әкімі Ансар Мұсаханов таныстырды.

Талдықорған. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында ет өңдейтін кешен іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Алматы облысында "Байсерке-Агро" ЖШС-нің жаңа кәсіпорны - ет өңдеу кешені іске қосылды. Жобаны облыс әкімі Ансар Мұсаханов таныстырды.

Икімнің айтуынша, бұл жоғары технологиялық аграрлық кәсіпорын Алматы облысының азық-түлік белдеуін құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кешен ет өнімдерінің 10 түрін шығаруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Сарыарқа" спорт кешенінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір өтуде. ІІ жартыжылдықта жалпы сомасы 902 млрд. теңгенің 162 жобасы іске қосылып, 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны