05.05.2016, 20:55 3401

Алматы облысында I тоқсанда ауылшаруашылығыныӊ жалпы өнімініӊ көлемі 58,1 млрд теӊгені құрады

Алматы облысында I тоқсанда ауылшаруашылығы жалпы өнімініӊ көлемі 58,1 млрд теӊгені құрады, деп облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов облыстыӊ ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша әкімдікте өткен отырыс барысында хабарлады.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында I тоқсанда ауылшаруашылығы жалпы өнімініӊ көлемі 58,1 млрд теӊгені құрады, деп облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов облыстыӊ ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша әкімдікте өткен отырыс барысында хабарлады.

Осы орайда Тұрлашовтыӊ атап өтуінше, ауылшаруашылық дақылдарыныӊ егістік алқабыныӊ аумағы 2015 жылғымен салыстырғанда 3,4 мыӊ гектарға артып, 929,6 мыӊ гектарға жетті. Көктемгі егіс науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде, қажетті минералдық тыӊайтқыштар, гербицидтер мен дизельдік отын сатып алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыс әкімі орынбасарыныӊ мәліметінше, өнеркәсіп саласында 128,1 млрд теӊгеніӊ өнімі өндірілді, өнімніӊ нақты көлемініӊ индексі 101,7% құрады. Жергілікті өнім бойынша сомасы 5,1 млрд теӊгені құрайтын келісім-шарттар бекітілді, оныӊ жалпы мемлекеттік сатып алу көлеміндегі иеленетін үлесі 66,9% болды. Бұған қоса, жаӊа 7 өнеркәсіп нысаны пайдалануға беріліп, әрекет етуші 5 өндіріс орныныӊ ауқымы кеӊейтілді, қосымша 169 жұмыс орны құрылды.

Сонымен бірге, Тұрлашовтыӊ ақпаратына сәйкес, 2015 жылдыӊ лайықты мерзімімен салыстырғанда, шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны 6,6%-ға өсіп, 161,5 мыӊ бірлікті құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны