01.02.2011, 15:50 3812

Алматы облысында канадалық бизнесмендер селекциялық орталық салмақ

Алматы облысында канадалық бизнесмендер селекциялық орталық салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Талдықорған. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында канадалық бизнесмендер селекциялық орталық салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Алматы қаласында канадалық "SEMEX" компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізген.

"SEMEX" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Пол Лармер мен вице-президент Норман Монаухтон облыс әкіміне өздерінің Қазақстанға тек тұқымдық қорды ғана жеткізіп қоймай, сонымен қатар генетиканы дамытумен айналысуға да ниет етіп отырғанын хабарлады. Ол үшін канадалық бизнесмендер Алматы облысында ауыл шаруашылығы генетикасына ену құрылымын (орталығын) құруды ұсынуда.

Осы мақсатта мемлекеттік құрылымдармен де, жеке құрылымдармен де болашаққа жоспарланған әріптестікті дамыта түсу қажет.

"Егер Алматы облысында селекциялық орталық салынса, онда болашақта осы жерден ет пен генетикалық өнімдерді экспорттауға мүмкіндік туады", - деп атап өтті Пол Лармер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны