11.07.2016, 21:17 4210

Алматы облысында шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша 308,5 млн теӊгеге 90 өтінім мақұлданды

Еске сала кетейік, "Атамекен" ҰКП мен Алматы облыстық әкімдігі шағын бизнес субъектілеріне арнап 600 млн теӊге бөлген болатын. Өӊір бойынша несиелендіруші оператор рөлін "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ атқарып отыр.
Алматы. 11 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша 308,5 млн теңгеге 90 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Еске сала кетейік, "Атамекен" ҰКП мен Алматы облыстық әкімдігі шағын бизнес субъектілеріне арнап 600 млн теңге бөлген болатын. Өңір бойынша несиелендіруші оператор рөлін "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ атқарып отыр.

Кредиттік комитет төрайымы Римма Салықованың айтуынша, бүгінгі күні жалпы сомасы 308 млн 500 мың теңгеге 90 өтінім мақұлданды.

Бүгінгі күні қорға 533 200 мың теңгеге 112 өтінім келіп түсті. Өткен отырыста біз 57 жобаны қарастырдық, қазір комитет мүшелері жаңа өтінімдер күтіп отыр. Бағдарламаға қатысушылар арасынан Ақсу, Ескелді, Кербұлақ аудандық кәсіпкерлері алғашқылардың бірі болып несие алғанын атап өтейін. Таяу уақыттарда басқа аудандардың кәсіпкерлерінен де келіп түскен өтінімдер мақұлданады", - деді Салықова.


Комитет қант қызылшасын өсіру саласына басымдық беріп отыр. Сол арқылы шағын несиелендіру бағдарламасы қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуді, отандық өнімнің үлесін ұлғайта түсуді көздеуде.

Кәсіпкер Ибен Тайжановтың айтуынша, қаржының дер кезінде бөлінуі егіс науқаны кезінде оның шаруашылығын құрдымнан алып қалған.

Шағын несиелендіру бағдарламасы биыл біз үшін таптырмас қолдау болды, өйткені, тұқым, минералдық тыңайтқыштар сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге қаражат қажет болатын. Кәсіпкерлер қазірдің өзінде бағдарламаның одан әрі жалғасын табуын қалап отыр. Екінші деңгейлі банктердің қоятын талаптары қатты болғандықтан, кәсіпкерлер мұндай шағын кредиттерді көптен бері күтіп жүрген-тұғын", - деді "Тельман" шаруа қожалығының басшысы.


Шағын несиелендіру бағдарламасының басты ерекшелігі сол, кепілзат ретінде жер телімдері, тұрғын жайлар мен басқа да жылжымайтын мүлік қарастырылады. Сондай-ақ, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 6% құраса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайды.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны