23.07.2016, 23:03 3587

Алматы облысында тамақ өнеркәсібі өнімініӊ көлемі биылғы жылдыӊ 5 айында 133,3 млрд. теӊгені құрады

Алматы облысында тамақ өнеркәсібі өнімініӊ көлемі биылғы жылдыӊ 5 айында 133,3 млрд. теӊгені құрады, бұл 2015 жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,2%-ке артық, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 22 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында тамақ өнеркәсібі өнімініӊ көлемі биылғы жылдыӊ 5 айында 133,3 млрд. теӊгені құрады, бұл 2015 жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,2%-ке артық, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.
Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметіне сүйенсек, аграрлық сала кәсіпорындары 2016 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісі өнімініӊ 61%-ін және өӊдеу өнеркәсібініӊ өнімініӊ 72%-ін өндірді.
Тамақ өнеркәсібі өнімініӊ көлемі биылғы жылдыӊ 5 айында 133,3 млрд. теӊгені құрады, бұл 2015 жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,2%-ке артық.
Елбасыныӊ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларға сәйкес ет және сүт өнімдерініӊ өндірісі жандандырылуда. Азық-түлік өндірісініӊ құрылымында негізгі үлес сүт - 27%, ет - 22%, дәнді-дақылдар - 20%, жеміс пен көкөніс - 13,5% және 5 %Имайлы дақылдарды - өӊдеу салаларына тиесілі.
Сүт өӊдеу өнеркәсібінде жүктемелік 64%-ті құрап, 13,3 млрд. теӊгеге 53,6 мыӊ тонна сүт өнімдері өндірілді. Ет өӊдеу өнеркәсібінде 9,0 млрд. теӊгеге 26,8 мыӊ тонна дайын өнім өндірілді, құс фабрикаларыныӊ қуаттылығы 61,9%-ке, ет комбинаттарыныӊ қуаттылығы 72,2%-ке игерілді.
Жеміс, көкөніс өӊдеу кәсіпорындары 3,4 млрд. теӊгеніӊ өнім өндірді, қуаттылығы 26,8%-ке игерілді.
«Ауыл шаруашылығында өӊдеу секторыныӊ үлесін арттыру - уақыт талабы. Кластерлік жүйені дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шикізаттық бағыттан арылып, өӊдеуші бағытқа көшудегі қадамдар өз нәтижесін байқатуда»,- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны