08.07.2010, 14:11 5933

Алматы облысында тері илейтін цех ашылды

Үштөбе қаласының солтүстігінде орналасқан цех иесіз қалған қойманың негізінде алты айда салынған.

Алматы. 8-шілде. Kazakhstan Today Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында ұсақ және ірі қара малдың терісін илейтін "Майра-S" ЖШС атты жаңа цех іске қосылды, деп облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып.

Үштөбе қаласының солтүстігінде орналасқан цех иесіз қалған қойманың негізінде алты айда салынған. Оның құрылысы мен жабдықтарына 9 млн теңге жұмсалған. Құралдары Қытайдың "СиНай" фирмасында өндірілген. "Майра-S" ЖШС қуаты тәулігіне екі тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны