19.02.2014, 19:26 7889

Алматы облысында заманауи қондырғымен жабдықталған 65 автокөліктің кілті тапсырылды

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру облыс көлемінде жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәселен, 2012 жылы 52,6 млрд. теңге, ал биылғы жылы бұл мақсатқа 68,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Облыста "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аясында 2013 жылы 3 млрд. теңгеден аса қаражат қарастырылды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Талдықорған қаласының орталық алаңында бірқатар медициналық ұйымға жедел жәрдем қызметіне арналған 65 санитарлық автокөліктің кілттері табысталды.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру облыс көлемінде жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәселен, 2012 жылы 52,6 млрд. теңге, ал биылғы жылы бұл мақсатқа 68,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Облыста "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аясында 2013 жылы 3 млрд. теңгеден аса қаражат қарастырылды.

"Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, құрал-жабдықтар алынды, 21 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 2 аурухана және 11 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді, жалпы құны 798 млн. теңге болатын 65 автокөліктің кілтін салтанатты түрде табысталды", - деді Аңсар Мұсаханов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны