04.05.2010, 17:41 4162

Алматы облысында жаңадан ашылған бақшалар су тарифінің 400%-ға қымбаттауына байланысты қурап қалу мүмкіндігі бар - шаруалар

Алматы облысында жаңадан ашылған бақшалар су тарифінің 400%-ға қымбаттауына байланысты қурап қалу мүмкіндігі бар - шаруалар

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының Шелек ауылдық округінің Еңбекшіқазақ ауданындағы көпжылдық шөп егіндері мен жаңадан отырғызылған бақшалары су тарифінің 400%-ға қымбаттауына байланысты қурап қалу мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Мұхит Медет" ЖШС құрылтайшысы Мұрат Жексембинов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Барлық еңбегіміз зая кететін түрі бар. Барлық түсімнен, оған жұмсалған қаражаттан айрылатын түріміз бар, егер судың бағасы қымбаттаса, бұл шаруаларға үлкен соққы болып тимек", - деп мәлімдеді М. Жексембинов.

Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назхановтың айтуынша, "Бартоғай су қоймасын пайдалану басқармасы" РМК мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы 2010 жылы шаруа қожалықтары үшін суармалы судың тарифтерін 400%-ға бір текше метрі үшін 40 тиынға дейін өсіріп жіберді.

Таратылған баспасөз баянында айтылғандай, Шелек ауылдық округінің барлық шаруа қожалықтарының басшылығы жаңа тарифпен су бағасын төлеуден абс тартты. "Бартоғай су қоймасын пайдалану басқармасы" РМК мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының басшылығы оларға су бермеу туралы бұйрық берген, соның салдарынан ауылдық округте бір айдан бері егін суарылған жоқ.

"1 сәуірде суарылу керек болған, бірақ, су берілмеді. Өкінішке орай біз түсім күте алмайтын болдық", - деді Т. Назханов.

Оның айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданында өткен жылдарда судың бағасы біртіндеп өсе түсуде. "Осыдан 2 - 3 жыл бұрын оның бағасы 6 - 7 тиын болған, ал өткен жылы ол 10 тиынға жетті, ал биыл 400%-ға қымбаттады. Ал шаралардан судың бағасын алдын-ала төлеуді талап етуде. Олар Үлкен Алматы каналымен шарт жасасуға тиіс, суды осыдан кейін ғана ала алады", - деді ол.

"Бүгінгі күні 40 тиын деген баға шаруалар үшін батпандай баға, түсім алынбай тұрып олар ақшаны қайдан табады",- деді ол.

"Өткен жылы да судың жыры болған, бірақ біз ілдебайлап жүріп егінді суарған едік. Ал биыл Үлкен Алматы каналының басшылығы бағаны 40 тиынға дейін көтеруді ұйғарыпты. Ол жақта шаруалар да саусақпен санарлық, жерлердің 80% жуығы бос жатыр. Ал қазір егер олар бағаны көтеріп жіберсе, оны тіпті ешкім де көтере алмайды, бәрі де қалаға қарай ағылады", - деді М. Жексембин.

Оның айтуынша, жаңа тариф бойынша ол басқаратын ЖШС егін суаратын су үшін бір маусымда 20 мыңдай теңге жұмсамақ. Ал оның ЖШС-і өсіретін жүзімнің түсімі үш жылдан кейін ғана алынады. "Бұл - қала емес, бұл -ауыл , онда ақша өте аз. Бақшаларынан түсім алған шаруалар жолдарды бойлай отырып егіндерін боломашы ақшаға сатуға мәжбүр", - деді ол.

"Шаруа өзі өсірген өнімді алыпсатарларға арзанға сатуға мәжбүр, өйткені оны нарыққа шығармайды, желдалдар өте көп және оны ешқайда жібермейді. Ол өзі өсірген өнімді тек шығындарын жабу үшін ғана сатады. Бұл жерде тіпті пайда туралы айтудың да қажеті жоқ", - деді Т. Назханов.

"Сәуірдің басында көршілес Қырғызстанда болған оқиғаларды, онда коммуналдық қызмет құнының күрт өсуі халық арасындағы әлеуметтік жарылысқа, халықтың жаппай наразылығына алып келгенін көрдік. Осы жайтты бағаны реттеушілер мен басқаратындар ескеруі керек деп ойлаймын. Бүгін шаруа қожалықтары, ал ертең өндірісшілер бас көтермесіне кім кепіл? Халық арасында тағы да осындай наразылық туып жүрмегей. Сол себепті меніңше, бұл мәселеге айрықша назар аударып, тараптардың мүддесін толық ескере отырып шешу керек", - деп мәлімдеді ол.

Таратылған баспасөз баянында айтылғандай, өткен жылы ауданда жаңа алма бақшалары, жүзімдер мен көп жылдық өсімдіктер (люцерна) 2 мыңнан астам гектарға егілген. Бұл егінге өткен жылы шаруалар мемлекеттен жалпы көлемі 1 млрд астам теңгенің субсидиясын алған.

"Биыл шаруалар барлық егістіктерді (1000 гектар) соя, жүгері мен көкөніс өсруге дайындауы қажет болған, 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында бұл жерлерді жақсылап суару қажет. Ал 10 мамырға дейін соя, жүгері мен көкөніс егілуі қажет еді. Алайда судың жоқтығына байланысты ешкім де оны бастаған жоқ. Шаруалар ерте дайындалып, соя мен жүгері тұқымдарын, тыңайтқыштар сатып алып, көшететрді отырғызған. Ал "Бартоғай су қоймасын пайдалану басқармасы" РМК мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының басшылығы оларды судан құралақан қалдырды, бұл үлкен шығындарға алып келмекші", - делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, тек кейінгі бес жылда бір ғана Шелек ауылдық округінде 738 шаруа қожалығы ашылған, ал қазір олардан небәрі 150 ғана қалды. Яғни, шаруашылықтардың 80%-ы жабылып қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны