15.10.2018, 14:35 6202

Алматы облысында жаӊадан құрылған Райымбек ауданыныӊ шаруалары картоптыӊ бұрын соӊды болмаған өнімділігіне қол жеткізді

Мәселен, мұнда жиналған өнім Алматы облысынан өзге, үлкен мегаполис саналатын Алматы қаласы мен Астананы және еліміздіӊ өзге де өӊірлерін картоппен қамтамасыз етуде.

Талдықорған. 15 қазан. Kazakhstan Today -Биыл Алматы облысында жаӊадан құрылған Райымбек ауданыныӊ шаруалары картоптыӊ бұрын соӊды болмаған өнімділігіне қол жеткізді. Мәселен, "Мирас" шаруа қожалығы әр гектарынан 500 центнерден өнім жинауда. Бұл - осы күнге дейінгі картоп өсіруге бейімделген ауданныӊ тарихында болмаған рекорд, - деп хабарлайдыАлматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Жетісудыӊ ауыл шаруашылығы саласыныӊ әлеуетін арттыру тапсырмасына сәйкес осы бағытта шаруаларға мемлекеттен жан-жақты қажетті қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Мәселен, Нарынқолдыӊ атағы шартарапқа тараған картоптарына деген сұраныс өте жоғары. Картопты қайта өӊдеу мен фри картоптарын шығаратын трансұлттық голландиялық "Farm Frites" компаниясыныӊ өкілдері Қазақстанды аралап шығып, ақыры осы Нарынқолдыӊ картоптарына тоқталған. Жері құнарлы, теӊіз деӊгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан, картоп тұқымы сапалы, түрлі ауруларға төзімді. Түні салқын ауданда картопқа әуес зиянкестер жоқтыӊ қасы. Сондықтан оны түрлі дәрі-дәрмекпен улаудыӊ да қажеті шамалы. Картоптары ірі, экологиялық таза әрі сапалы. Міне, осыныӊ барлығы Нарынқолдыӊ картоптарын таӊдауда шешуші фактор болды.

Мәселен, мұнда жиналған өнім Алматы облысынан өзге, үлкен мегаполис саналатын Алматы қаласы мен Астананы және еліміздіӊ өзге де өӊірлерін картоппен қамтамасыз етуде. Сапалы өнімге көрші мемлекеттерден де сұраныстар түсуде. Бұл бірінші кезекте аудан халқыныӊ тұрақты жұмыспен қамтылуына, жастардыӊ еӊбекке араласып, бос жатқан жерлерді игеруіне - үлкен мүмкіндік. Осы мақсатта аудан басшылығы өз алдына суғару жүйелерін жүргізу арқылы егістікке жарамды жерлердіӊ көлемін арттыруға бағытталған биік межелер қойып отыр. Бүгінде жобаныӊ құжаттары әзір, жұмыстарды жүргізуші мекеме белгілі, алдағы уақытта бұл жоспардыӊ да жүзеге асатыны күмән тудырмайды.

Ауданда картоп өсірумен айналысатын "Өркен", "Ринат", "Еркін", "Руслан", "Ақжол" шаруа қожалықтары да биыл мол өнім жинаудан үмітті. Голландиядан осы өӊірге бейімделген картоптыӊ 236 тонна супер элиталық екі сортыныӊ тұқымдары әкелінген болатын. Биыл шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектіӊ барлығы уақытылы беріліп, жақсы дайындықтыӊ нәтижесінде жиын науқанында қандай да бір кедергілер болмады.

Облыс басшылығы аудан әкімі мен шаруалардыӊ бастамаларын қолдауға әрқашанда дайын. Бөлінген қаражатқа аудандағы 2 сервистік дайындау орталығына қажетті соӊғы үлгідегі қуаттылығы мен сапасы жоғары барлық техникалар мен қондырғылар сатып алынды. Одан бөлек, тапсырыс берілген 3 комбайн, 6 трактор, тіркемесі бар Камаз көлігі, 4 дана дәрі шашу агрегаты, 3 дана сорттау және 2 дана қабылдау пункттері жиын-терін науқанына уақытылы жеткізілді. Алдағы маусымда тағы да қажетті техникалар жеткізілетін болады.

Осылайша аудан басшыларыныӊ алға қойған картоп өнімініӊ көлемін 10 есеге арттыру бойынша межелеген мақсаты орындалды деп нық сеніммен айтуға болады. Ир гектардан орташа 30 тоннадан өнім жиналып, қоймаға 2360 тонна тұқымдық картоп салынады. Келесі жылдыӊ жоспары бұдан да ауқымды. Алдағы көктемде шаруалар 780 тонна картоп егуді межелеп отыр.

Еӊ бастысы голландиялық картоп тұқымыныӊ жерсінуіне қатысты шаруалардыӊ күмәні сейіліп, тәуекелге бел буған азаматтардыӊ еӊбектері ақталды деген сөз. Осыған көзі жеткен өзге ауыл тұрғындары да келесі көктемде өздеріне тиесілі жер телімдеріне картоп егуге білек сыбана кіріскелі отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны