31.03.2017, 21:19 10739

Алматы облысында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды қажет ететін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Оныӊ ішінде, көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы", "Алматы-Қапшағай", "Бірлік-Ақбұлақ" автомобиль жолдары құрылысы және "Батыс Еуропа-Батыс Қытай", "Алматы-Өскемен", "Ұзынағаш-Отар", "Астана-Алматы", "Алматы 1-Шу", "Алматы-Бішкек" автомобиль жолдарыныӊ жекелеген учаскелері, сондай-ақ, "Қазыбек Бек-Жетіген" темір жолыныӊ құрылысы.

Талдықорған. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы облыс әкімі А. Баталовтыӊ төрағалығымен облыс әкімдігініӊ мәжілісі өтіп, онда облыстыӊ жер қатынастары басқармасыныӊ, аудан мен қала әкімдері аппараттарыныӊ жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмысы туралы мәселе қаралды.

Негізгі баяндаманы облыс әкімініӊ орынбасары Серік Тұрдалиев жасады. Оныӊ айтуынша, облыс аумағында алынып қойылатын жер учаскесініӊ және онда орналасқан өзге де жылжымайтын мүліктіӊ құнын өтеу арқылы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды қажет ететін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оныӊ ішінде, көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы", "Алматы-Қапшағай", "Бірлік-Ақбұлақ" автомобиль жолдары құрылысы және "Батыс Еуропа-Батыс Қытай", "Алматы-Өскемен", "Ұзынағаш-Отар", "Астана-Алматы", "Алматы 1-Шу", "Алматы-Бішкек" автомобиль жолдарыныӊ жекелеген учаскелері, сондай-ақ, "Қазыбек Бек-Жетіген" темір жолыныӊ құрылысы.

Сонымен қатар С. Тұрдалиев жоғарыда аталған автомобиль жолдары құрылысыныӊ белдеуіне көлемі 6,9 мыӊ га болатын 2939 жер учаскесі енгенін, оныӊ 3166,2 га болатын 2247 учаскесі немесе 76 пайызы сатып алуға жататынын айтты. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған әкімдіктер тарапынан барлығы 1472 жер учаскесі алынып қойылды, соныӊ ішінде меншік иелеріне сатып алу жолымен жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі үшін 16,7 млрд. теӊгені құрайтын бағалау құны өтелді. Аудан, қала әкімдіктерініӊ түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде меншік иелері мен жер пайдаланушылар 240 учаскені мемлекетке өтеусіз берді, 172 жер учаскесініӊ меншік иелеріне теӊ бағалы жерлер табысталды.

Жүзеге асырылуы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды қажет ететін басқа да маӊызды жобалар туралы айта келе, баяндамашы осы бағыттағы жұмыстарында кемшілік жіберген аудан, қалаларды тілге тиек етіп, аталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жоюы қажеттігін атап өтті. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Жолан Омаров кеӊінен баяндады.

Баяндамашылардыӊ хабарламасын тыӊдаған облыс әкімі А. Баталов бірқатар маӊызды мәселелерге назар аударды. Мәселен, сөз болған мәселелердіӊ бірі - Іле ауданындағы "Береке" индустриалды аймағыныӊ құрылысы мен оны дамыту жұмысы. Индустриалды аймақ аумағында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бірқатар инвесторлар бар болғанына қарамастан, қажетті 70 жер учаскесініӊ небары 3-еуі ғана сатып алынған. Осы мәселе бойынша Іле ауданы әкімініӊ жұмысы сынға алынды.

- Инвестиция тарту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жаӊа кәсіпорындар құру - Мемлекет басшысы алдымызға қойған маӊызды міндеттер. "Береке" индустриялық аймағын дамыту үшін жер учаскелерін сатып алу ісі баяу жүруініӊ салдарынан бұл жұмыс тоқтап тұр. Ал жоспар бойынша қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатуы тиіс еді. Бұл мәселені жылдамдатып, қатаӊ бақылауда ұстаӊдар, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Мұнан соӊ Талдықорған қаласыныӊ әкімі Б. Қарасаев оӊтүстік-батыс тұрғын ауданды дамыту, "Азаматтарға арналған үкімет" әкімшілік ғимаратын абаттандыру, "Жастар" саябағын кеӊейту туралы баяндады.

Облыс әкімі қала басшылығына сатып алуға жататын жер учаскелерініӊ құны жөніндегі мәселені тұрақты бақылауға алуды, бағалау құнын өсіру фактілеріне жол бермеуді тапсырды.

Алматыдан шығаберіс пен қалаға кірер жолдағы көлік кептелісі қиындығын болдырмау мәселесін назардан тыс қалдармауды ескертті. Осы мақсатта 6 радиалды жолды төсеу жоспарланған. Бөлінген алапқа Іле, Қарасай аудандарыныӊ алаӊы 40,2 га болатын 43 жер учаскесі енген. Бұл мәселе бойынша Қарасай ауданыныӊ әкімі М. Бигелдиев хабарлады. Ол өз сөзінде облыстық бағдарламаларда белгіленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға аудан аумағындағы қажетті жер учаскелерін алу барысына тоқталды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

- Жер мәселесіне облыста ерекше мән беріледі. Жұмыс жасалып жатыр. Дегенмен бүгінгі күні шешуді қажет ететін бірнеше өзекті проблема бар. Ол - бүгін өзіміз сөз еткен негізгі бөлігі Қарасай ауданыныӊ аумағынан өтетін радиалды жолдарды тесіп төсеу, Іле ауданындағы "Береке" индустриалды аймағын дамыту, Талдықорғандағы жобаларды жүзеге асыру. Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды, инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асыруға қажетті алаӊды анықтауды назарда ұстау қажет. Заӊ талаптарын қатаӊ сақтай отырып, нақты және сапалы шешімдер қабылдауымыз керек, - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны