24.01.2019, 19:41 11185

Алматы облысында жергілікті маӊыздағы жолдарды салу мен жөндеуге жыл сайын 30 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінеді

Биылғы жылы облыстық маӊызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатына 17 359,815 млн.теӊге қарастырылған, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен - 6 374,117 млн.теӊге, ал жергілікті бюджеттен 10 985,698 млн.теӊге бөлінді.

Талдықорған. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биылғы жылы облыстық маӊызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатына 17 359,815 млн.теӊге қарастырылған, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен - 6 374,117 млн.теӊге, ал жергілікті бюджеттен 10 985,698 млн.теӊге бөлінді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ мәліметінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бөлінген қаржы 23 км автожолдыӊ құрылысы мен қайта жаӊғыртылуына жұмсалады, сол сияқты ЖСҚ мен ТЭН дайындауға - 3 337, 957 млн. теӊге; 55,2 км автожол мен 4 көпірді күрделі жөндеуге және ЖСҚ әзірлеуге - 5 078,484 млн. теӊге; 148,5 км жолдыӊ, су жіберетін құбырлардыӊ орташа жөндеуіне және техникалық құжаттарын дайындауға - 6 586,117 млн. теӊге, сол сияқты облыстыӊ 17 ауданы мен 2 қаласыныӊ жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу мен күтіп ұстау шараларына 2 357,257 млн. теӊге бағытталады.

Атап өтсек, Алматы облысындағы облыстық маӊызы бар жолдардыӊ жалпы ұзындығы - 6138,6 шақырым. 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық деӊгейдегі облыстық маӊызы бар автокөлік жолдарыныӊ үлесі 78,1 % болды, жыл соӊына дейін бұл көрсеткіш 78,5 %-ке жетеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы Алматы облысында жергілікті маӊыздағы жолдарды салу мен жөндеуге жыл сайын 30 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны