07.09.2017, 15:18 5114

Алматы облысында жылыжай кешендерін дамыту мәселесі талқыланды

Республикамыз бойынша ауылшаруашылық өнімдерініӊ 17%-і Жетісу өӊіріне тиесілі. Бізде 8 млн. га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер алқаптары бар. Оныӊ ішінде ауылшаруашылығы өнімдерініӊ егіс алқабы 950 мыӊ га. Ол жерлерде дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, қант қызылшасы, майбұршақ, көкөністер мен көптеген өзге де өнімдер өсіріледі.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жылыжай кешендерін дамытуға басымдық бере отырып, ауылшаруашылығы саласын дамытуда өзара әріптестікті орнату мәселелері бүгінгі облыстық әкімдік ғимаратында өткен Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Серікжан Бекемпіров пен Голландиядан келген делегацияныӊ кездесуінде талқыланды. Бұл кездесу сауда-саттық мақсатын көздеуші голландиялық компаниялардыӊ өзге елдермен қарым-қатынасын нығайту жоспары аясында Нидерланды Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Елшілігініӊ ұйымдастыруымен және Алматы облысы әкімдігініӊ қолдауымен жүзеге асты.

Келген делегация мүшелерін қабылдаған С.Бескемпіров, еӊ алдымен облыстыӊ ауылшаруашылығын дамытудағы соӊғы жетістіктеріне тоқталып өтті.

- Алматы облысы аграрлық-индустриялық өӊір болып саналады. Республикамыз бойынша ауылшаруашылық өнімдерініӊ 17%-і Жетісу өӊіріне тиесілі. Бізде 8 млн. га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер алқаптары бар. Оныӊ ішінде ауылшаруашылығы өнімдерініӊ егіс алқабы 950 мыӊ га. Ол жерлерде дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, қант қызылшасы, майбұршақ, көкөністер мен көптеген өзге де өнімдер өсіріледі. Ағымдағы жылдан бастап, жаӊғақ шаруашылығын дамытуды қолға алдық. Бұл мақсатта 2 мыӊ га аумаққа жаӊғақ егуді жоспарлаудамыз. Осы күнде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жылыжай кешендерін дамыту мәселесіне тоқталар болсақ, бізде бүгінгі күні жылыжайлардыӊ алып жатқан жер аумағы 80 га құрайды. Жыл соӊына дейін жалпы көлемі 38 га аумаққа орналасқан жаӊа жылыжайлар іске қосылмақ. Негізінен онда қияр, қызанақ, ас көк өсіреміз. Жылыжай кешендерін дамыту мәселесі өӊір басшылығы үшін өзекті мәселелердіӊ бірі болғандықтан, облыс әкімі бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі бақылауында ұстауда. Біз осы бағытта сіздермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз. Ауылшаруашылығы саласындағы облысымызда мықтап қолға алынған тағы бір бағыт ол - сүт өнімдерін өндіру. Бізде сүт өндіруді дамытуға қажеттілікті қанағаттандыратын жақсы жем-шөп қоры жинақталған. Осы бағытта да сіздермен бірлесіп жұмыс жүргізуге дайынбыз, - деді С.Бескемпіров.

Голландиялық делегация атынан сөз алған Нидерланды Корольдігі Елшілігініӊ Алматы қаласындағы кеӊсесініӊ басшысы В.Роггенкамп:

- Тығыз уақыт кестелеріӊізден уақыт тауып, бізді қабылдағандарыӊыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл меніӊ осы өлкеге бесінші рет келуім. Қала осы жылдар аралығында жылдам қарқынмен дамып келе жатқандығын, көптеген жаӊа ғимараттардыӊ бой көтергендігін ерекше атап өткім келеді. Біз екі жақты әріптестікті нығайтуға ерекше ықылас білдіреміз, - деді.

Осыдан кейін В.Роггенкамп делегация құрамымен таныстырды. Делегацияныӊ басым көпшілігі голландиялық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялардыӊ өкілдері екен. Нақтырақ айтар болсақ, бұл компаниялар негізінен жылыжайларға арналған металл-конструкциялар өндіретін, жылыжай құрылысымен айналысатын, тұқым мен гүл баданаларын өндіретін, сонымен қатар әртүрлі құрал-жабдықтар, жарық беретін құрылғылар және де жылыжай шаруашылығын дамытуға қажетті көптеген өзге де заттарды шығаратын компаниялар.

Сауда-саттық орнату мақсатымен келген делегация өкілдерініӊ барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, облыс әкімініӊ орынбасары С.Бескепіров кездесуді қорытындылады.

- Біз әріптестік орнатуға әрдайым ашық екендігімізді тағы бір мәрте ескертіп өткім келеді. Ол үшін бізде қолайлы инвестициялық климат пен барлық мүмкіндіктер жасалған. Бізде Талдықорған аймағы мен Алматы қаласына іргелес аудандарымызда барлық қажетті индфрақұрылымы жүргізілген, дайын кәсіпорындар мен жылыжайларды орналастыруға арнайы әзірленген индустриалды аймақтар бар. Егер Сіздердіӊ инвесторларыӊызды біздіӊ инвесторларға жасап жатқан қолайлы жағдай мен мүмкіндіктеріміз қызықтыратын болса, біз, өз тарапымыздан барлық қажетті қолдауды көрсететіндігімізді сенімді түрде айта аламыз. Біздерді Сіздердіӊ технологияларыӊыз бен құрылғыларыӊыз, сондай-ақ инвесторларыӊыздыӊ біздіӊ өӊірімізде өздерініӊ кәсіпорындарын ашқаны қызықтырады. Барлық қызықтырған сауалдарыӊыз бен келіссөздерді облыстыӊ ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші 100-ден астам компания өкілдерініӊ қатысуымен өтетін семинарда талқылауға толық мүмкіндіктеріӊіз бар, - деп атап өтті облыс әкімініӊ орынбасары.

Естеріӊізге салар болсақ, осыдан кейін "Көктем Грант" қонақ үйінде ұйымдастырылған семинар-кездесуге жылыжай кешендерініӊ құрылысын жүргізу, жылыжайларға арналған автоматтандырылған жүйелер орнату, жеміс-жидек және көкөніс қоймасын салу, жылыжай кешендеріне жарықтандыру жүйесін жүргізу, тұқым мен гүл баданаларын өсірумен айналысатын 14 голландиялық ауылшаруашылығы мақсатындағы өнім өндіруші компания өкілдері қатысты. Олар жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялармен келіссөздер жүргізіп, қос тарапқа да тиімді талаптар мен ұсыныстар жайын талқылап қайтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны