25.09.2017, 19:04 5184

Алматы облысындағы Ақсу қант зауыты қант қызылшасын қабылдай бастады

Алматы облысындағы 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасыныӊ алғашқы легін қабылдады.

Талдықорған. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасыныӊ алғашқы легін қабылдады. Сарқан ауданыныӊ "Мажикс" СДО алқабынан дайындау пунктіне 80 тонна тәтті түбір жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осы қуанышты оқиғамен зауыт ұжымы мен шаруаларды облыс әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіров құттықтады. Өз сөзінде ол зауыттыӊ қант қызылшасын алғаш қабылдау қызылшашылар үшін де, өӊдеушілер үшін де, жергілікті халық үшін де ерекше оқиға екенін атап өтті. Он жыл бойы тұралап қалған Ақсу қант зауытыныӊ қалақұраушы кәсіпорын мәртебесін қайта жаӊғыртатын күні де алыс емес. Ал зауыттыӊ іске қосылуы жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына және сапалы қант өндіру ісін ілгерілетуге ықпал етпек.

Еске салсақ, қазіргі кезде Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарыныӊ негізгі бөлігі аяқталды. Қызылша жинақтау алаӊы ғана емес, барлық цехтары жұмысқа дайын, жаӊа құрал-жабдықтар орнатылған, барлық технологиялық процестер автоматтандырылады. Изірге мұнда 100 адам жұмысқа тартылған, дегенмен зауыт толық іске қосылғанда мұндағы мамандар саны 650-ге жеткізілмек. Өндірістік қуатына сай маусымына 300 мыӊ тонна шикізат өӊдей алады. Ал дайын өнімніӊ көлемі 32-35 мыӊ тонна болады деп жоспарланып отыр. Ақсу қант зауытын шикізатпен негізінен Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарыныӊ қант өсірушілері қамтамасыз етпек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы облысындағы Көксу қант зауытына автокеруенмен биылғы маусымда алғашқы тәтті түбір әкелінді. Бірінші болып Қапшағай қаласыныӊ қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді. Биыл Қапшағай қаласында 570 гектарға қант қызылшасы себілген. Бүгінгі күні шаруашылықтар гектарына 600 центнерге дейін өнім алуда. Қапшағайлықтардыӊ қант қызылшасын өткізу эстафетасын енді Ескелді мен Көксу ауданы жалғастырмақ.

Өткен жылы Алматы облысыныӊ қызылшашылары 6,4 мыӊ гектарға тәтті түбір өсірсе, биылғы жылы бұл дақыл алқабыныӊ көлемі 9 мыӊ гектарға жетіп отыр. Сонымен қатар өӊір қызылшашыларына тұқым, тыӊайтқыштар, жанар-жағар май, жаӊа техника алуға, өнім жинауға көрсетілетін жәрдем жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны