28.10.2016, 22:21 4015

Алматы облысындағы Көксу қант зауытында биылғы жаӊа түсімнен алғашқы қант өндірілді

Көксу қант зауытында биылғы қант қызылшасы түсімінен алғашқы қант өндірілді. Өндіріс орнындағы жаӊғыртулармен танысу үшін кәсіпорынға облыс әкімі Амандық Баталов келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған. 29 қазан. Kazakhstan Today - Көксу қант зауытында биылғы қант қызылшасы түсімінен алғашқы қант өндірілді. Өндіріс орнындағы жаӊғыртулармен танысу үшін кәсіпорынға облыс әкімі Амандық Баталов келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Биыл біз бір миллиард теӊгеден астам қаржы жұмсап өндіріс орнын жаӊғырттық. Қазір бүкіл желі автоматтандырылды, бүкіл үдеріс жалғыз оператор пультінен басқарылады. Сонымен қатар сүзгілер алмастырылды, соныӊ арқасында еӊбек өнімділігін арттыру, бұдан бөлек электр қуатын тұтыну көлемін азайту мүмкіндігі туды, - деді Көксу қант зауытыныӊ құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев.

Өз кезегінде өӊір басшысы Амандық Баталов оператор бөлмесін, өӊдеу және дайын өнім цехтарын аралап көріп, мұндай тамаша нәтижеге мемлекеттіӊ қолдауы арқылы қол жеткізілгенін атап өтті.

Жаӊа түсімдерін жеткізе келген дихандар олардыӊ еӊбектерін жеӊілдететін және шығындарын азайтатын жоспарлы жаӊалықтарды естіп қуанып қалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны