30.05.2012, 10:29 3554

Алматы облысындағы су өндірісі табиғи және салқындатылған сусындар өндірісін кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтті

Бұл жоба жаңа бизнес-бастамаларды қолдау және кәсіпкерлік секторды сауықтыру бағыттары бойынша мақұлданды.

Алматы. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы "BL-ltd" ЖШС "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының асында табиғи және салқындатылған сусындар өндірісін кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жоба жаңа бизнес-бастамаларды қолдау және кәсіпкерлік секторды сауықтыру бағыттары бойынша мақұлданды.

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы біздің қарызымызды төмендетіп, несиені арзандатуға мүмкіндік берді", - дейді кәсіпорынның басшысы Анатолий Лунев.

Алынған несиеге жаңа сауда-қойма жайлары салынып, қосымша жабдықтар орнатылды. Осының арқасында мұнда шығарылатын өнімнің түрлері көбейді және нарыққа "Премиум" санатындағы жаңа ауыз су өнімі шығарылды.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны