27.12.2017, 12:34 5345

Алматы облысыныӊ әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс аумағында бүгінгі күні жалпы жылына 55 мыӊ тонна құс етін дайындайтын қуаттылыққа ие, бройлер өсіретін 3 құс фабрикасы, комбикорм зауыты, ұядан басып шығаратын құс фабрикалары, инкубаторлар, 2 ет өӊдеу зауыты жұмыс жасайды.

Талдықорған. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today -Қазақстандағы аса ірі сауда-ойын-сауық орталықтарыныӊ бірі "Апорт" жуық арада Талдықорған қаласында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ инвесторлармен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Амандық Баталов "HOME MART"компаниясыныӊ бас директоры Ерлан Мұқашевпен, "Аллель Агро" АҚ басқарма төрайымы Разия Жатақпаевамен және "Энергомост" консорциумы директорлар кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Лилия Наммен кездесті.

Кездесу барысында "Апорт" орталығы құрылысыныӊ 3-ші кезегініӊ инвестициялық жобасы туралы Ерлан Мұқашев айтып берді. Е. Мұқашевтіӊ айтуынша, 3-ші кезегініӊ құрылысы 40 мыӊ шаршы метр алаӊда Қарасай ауданыныӊ аумағында жүргізілуде. Инвестиция көлемі - 10 млрд. теӊге көлемінде. 3-ші кезектегі құрылыс жұмыстарыныӊ нәтижесінде орталықтыӊ жалпы алаӊы 150 мыӊ шаршы метрді, жалпы инвестиция көлемі 30 млрд. теӊгені құрамақ.

Облыс әкімі А. Баталов өз кезегінде мұндай деӊгейдегі сауда орталығын Талдықорған қаласына да, атап айтқанда оӊтүстік-батыс тұрғын ауданға салу қажеттігін айтты.

Е. Мұқашев бұл ұсынысты және оныӊ шешімін іздеу жолдарын қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Бұл мәселеде облыс әкімініӊ тапсырмасымен қала әкімдігі де қолдау көрсететін болады.

"Аллель Агро" АҚ жұмысы туралы аталмыш компанияныӊ басқарма төрайымы Разия Жатақпаева әӊгімеледі.

Облыс аумағында бүгінгі күні жалпы жылына 55 мыӊ тонна құс етін дайындайтын қуаттылыққа ие, бройлер өсіретін 3 құс фабрикасы, комбикорм зауыты, ұядан басып шығаратын құс фабрикалары, инкубаторлар, 2 ет өӊдеу зауыты жұмыс жасайды. Р. Жатақпаеваныӊ айтуынша, қазіргі кезде Талғар ауданыныӊ Панфилов ауылына жақын маӊда компания сойылған мал етініӊ көлемін жылына 70 мыӊ тоннаға жеткізе алатын мал сою цехын салуды жоспарлап отыр. Оған қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынған. Жалпы биылғы жылы "Аллель Агро" АҚ кәсіпорындары 46 мыӊ тонна құс етін өндірген, өндіріс көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 34% артқан. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін компания 12 млрд. теӊгеден астам қаржыға жобаларды инвестициялаған.

Жиында айтылғанындай, Алматы облысы құс етін өндіруде еліміз бойынша көшбасында тұр, нарықтағыныӊ 45%-ін немесе жылына 83 мыӊ тонна ет өндіреді.

"Энергомост" консорциумыныӊ облыста жүзеге асырып жатқан жобалары жайында консорциум директорлар кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Лилия Нам баяндап берді. Л. Намныӊ айтуынша, өӊірде консорциум үш бағытта жұмыс істеп келеді. Бұл орайда Ақсу қант зауытын жаӊғырту, гидроэнергетикалық және су шаруашылығы кешендерін айтуға болады. Консорциумирригациялық жүйелерімен бірге Покатиловка су қоймасыныӊ құрылысын да жүзеге асыруды қолға алып отыр.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов сөз етілген жобалардыӊ барлығы да облыс үшін аса маӊызды екенін, соныӊ негізінде жаӊа жұмыс орындары ашылып, бюджетке салық түсімі тұрақтанатынын, жалпы алғанда өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму деӊгейі жақсара түсетінін атап өтті.

- Сіздерге барлық қажетті қолдаулар көрсетіледі. Біз облысты одан әрі дамыту үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасауды бұдан былай да жалғастыра беретін боламыз, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны