15.05.2017, 12:22 7476

Алматы облысыныӊ ауылшаруашылығын субсидиялауға 2017 жылы 66 млрд 217,1 млн теӊге бөлінді

2017 жылы Алматы облысыныӊ ауылшаруашылығын субсидиялауға 66 217,1 млн теӊге бөлінді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысы дихандарына 2017 жылы көктемгі егістік науқанына "Қазагро Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ еншілес қоғамы - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 129 млн теӊге көлемінде несие бөлінді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Фермерлері одағыныӊ Алматы облыстық филиалыныӊ төрағасы Ақшабай Дүйсенбекұлы Керімбековтыӊ айтуынша, "облыста ресми тіркелген 43 мыӊ ауылшараушылығы құрылымдары бар. Бір Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ өзінде ғана 12500 құрылым саналады. Бірақ жыл сайын осылардыӊ небәрі 1700-1800 бірлігі ғана мемлекет бөлетін несие немесе субсидия секілді қаржылық құралға қол жеткізеді. Бұл тым мардымсыз".

Сол себепті Фермерлер одағы үкіметке көптен бері Ресей және Қытайдағы секілді ауылшаруашылық банкін құруды ұсынып келеді.

"Қазагроныӊ құрамында тек қана қаржыландырумен айналысатын 7 орган бар. Осыншама ұйымныӊ қажеті қанша, бізге жалғыз банк керек. Ол банк жаӊадан құрылған ауылшаруашылығы кооперативтеріне ұзақ мерзімді қомақты кредит дұрыс болар еді. Мысалы, Қытайда шаруашылық өнім бергенше, несие үшін пайыз да, ештеӊе де алмайды. Ал бізде егіс науқаны басталғанда мардымсыз несиені беріп алады да, бір ай өте бере "әкел де әкел" деп фермерлерді қылқындыра бастайды. Сондықтан несие алу фермерлер үшін ыӊғайлы (комфортный) болу керек.Мұндай жағдайда ауылшаруашылығы саласы тез дамиды деу қиын",- дейді Ақшабай Керімбеков.

2016 жылы Қазақстан бойынша ауылшаруашылығын қаржыландыруға 60 млрд теӊге бөлінсе, Алматы облысына бұл қаражаттыӊ 412 млн теӊгесі берілген. Ал облыста әрбір ауылда кемінде 20-30 шаруа қожалығы бар. Осы саннан -ақ қаражаттыӊ қанша шаруашылыққа жеткенін бағамдай беріӊіз.

Осындай жайттардан жаӊадан қабылданған "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама" құтқарады деп үміттеніп отыр шаруалар. Өйткені, бұл бағдарлама кооперативтерге біріккен шағын фермерлерді қолдауға бағытталған.

КООПЕРАТИВ ҚҰРУ ОӉАЙ МА?

Бағдарламаға сәйкес 2017 жылы Алматы облысында 111 ауылшаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Облыс ауыл шаруашылық басқармасыныӊ берген мәліметке сәйкес, қазір 96 кооператив тіркелген. Атап айтсақ, 2016 жылы облыста 43, ал 2017 жылы 53 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды деген дерек бар. Олардыӊ 50-і егіншілікпен, 31-і мал шаруашылығымен, 14-і бірлескен шаруашылықпен, 1-і қызмет көрсетумен шұғылданады.

2017 жылы Алматы облысыныӊ ауылшаруашылығын субсидиялауға 66 217,1 млн теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде:

1. Егін шаруашылығына- 4 625 млн. тенге

2. Мал шаруашылығына- 2 329,3 млн. тенге

3. Өнімді өӊдеуге- 1 412,6 млн. тенге

4. Алынған несиені субсидиалауға- 4 061,4 млн. тенге

5. Атқарылған финанстық қызметтерді субсидиялауға- 1 005,2 млн. тенге

6. Фитосанитарлық сақтандыруға- 103,7 млн. тенге

7. Мал дәрігерлік сақтандыруға- 238,9 млн. тенге

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2017 жылы Жетісу өӊірінде 24 сүт қабылдау пунктін, 5 мал сою пунктін, 2 құс шаруашылығы кооперативін, 447 отбасылық мал бордақылау алаӊын құру жоспарланған.

Ал Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, 2017 жылдыӊ басында өӊірде 27,3 мыӊ ірі қара мал саналған 57 бордақылау алаӊы жұмыс істеп тұр, олардыӊ қуаттылығы 79,5% қамтамасыз етілген, осы нысандардыӊ арқасында есептік кезеӊде ірі қара мал етініӊ өндірісі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,0%-ға өскен. Биылғы жылы,17 мыӊ бас малға есептелген 13 мал бордақылау алаӊыныӊ құрылысы салынып жатыр. Бордақылау алаӊдарына қатысты қазір Алматы облысында талдау жүргізіліп тұжырымдамалар жасалуда.

2017 жылғы 5 мамырда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары- ауылшаруашылығы министі Асқар Мырзахметов: "кооперативтерге бірігуге халықтыӊ ынтасы жоғары, қаржы көзі де жеткілікті, субсидиялау механизмі де түзілген. Демек, жергілікті билік бұқара арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп, жұмысты дұрыс үйлестіре білулері керек",- деді.

Ендігі жерде облыстық әкімдіктіӊ қарамағындағы ауылшаруашылығы басқармасыныӊ шенеуніктеріне салмақ түсейін деп отыр. Олар жетісулық шаруа қожалықтарына Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда 9-шы рет қабылданып отырған кезекті бағдарламаныӊ маӊызын жеткізіп, кооперативтерге бірігуге иландыруы қажет.

Бұған дейін қабылданған мемлекеттік қолдау шараларына қарамастан елімізде ауылдық кооперация тиісті түрде дамымай отыр.

Мемлекет, талдау жүргізе келе, олардыӊ дамуын тежейтін төмендегідей негізгі проблемаларды анықтап отыр:

- кооперациялардыӊ артықшылығын және кооперативтердіӊ жұмыс істеу тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстыӊ жеткілікті түрде жүргізілмеуіне байланысты АШТӨмен ауыл тұрғындарыныӊ кооперативтендіруге сенбеуі;

- басқарушы персоналдыӊ кәсіби даярлығыныӊ төмендігі және мамандардыӊ жетіспеушілігі;

- мемлекеттіӊ кооперативтендіру процестерін жеткілікті түрде ынталандырмауы;

- негізгі кооперативтік қағидаттардыӊ (еріктілік, демократиялылық, 1 мүше = 1 дауыс және басқалар) бұзылуы;

- ауылшаруашылығы тауар өндірушілері (АШТӨ) өз мүшелеріне көрсетілетін қызметтерді ұсыну емес, жеӊілдетілген кредит алу мақсатында біріктіру;

- бастамашы, кепіл беруші, кооперативтіӊ нақты иесі, кооператив қызметінен түсетін барлық пайданы бөлуші болып табылатын бір ірі шаруашылықтыӊ мүддесінде "жалған кооперативтер" құру, өйткені дәл сол шаруашылық өнімді сатып алуды және өткізуді жүзеге асырады;

- жеткіліксіз немесе өтімсіз кепілмен қамтамасыз ету;

- АШТӨ-ні ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруге ынталандырудыӊ жоқтығы, атап айтқанда кооперативтіӊ коммерциялық емес деген мәртебесініӊ болуына байланысты кооперативтіӊ таза кірісін оныӊ мүшелері арасында бөлу мүмкіндігініӊ болмауы.

Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын қабылдаған үкімет 2017 жылға бағдарлама мақсаттарына деп республикалық бюджеттен 198,2 млрд теӊге қарастырып отыр. Келесі мақсат - осы қаржыны тиісті қолдарға жеткізу және тиімді пайдалану. Дихандар мемлекет бөліп жатқан қыруар қаражат түрлі деӊгейдегі шенеуніктердіӊ немесе ұдайы атқамінерлердіӊ төӊірегінде жүретін, онсыз да аяғынан тұрып алған ірі шаруашылықтардыӊ оӊай жемі болмай, ендігі кезекте ірілендірілген шаруашылықтарға, кооперативтерге тепе-теӊ беріліп, әділетті бәсекелестікке мүмкіндік туса деп тілеп отыр.

"ШЕЛЕК ФЕРМЕРЛЕРІ" ТИЖІРИБЕСІ

Бірақ тек мемлекетке қарап, нәпақа тілеп отырмай, өз беттерімен бәсекелестікке қамданып, білімдерін көтеріп, агробизнес орталығын ашып, оқыту құралдарын дайындап жатқандар да бар. Осындайлардыӊ бірі "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ қолдауымен биыл фермерлерге арналған "Көкөніс шаруашылығы негіздері" атты оқу модулін жуырда таныстырды. Модуль осы ауданда биыл оқудан өтетін 500 фермерге тегін таратылады. "Шелек фермерлері" зерттеу командасыныӊ үш жыл ішінде жинақтаған табысты тәжірибесіне және де осы бағытта жасалған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып дайындалған аталмыш модульде өсімдік шаруашылығы саласында бизнес жүргізудіӊ барлық мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар, 2017 жылы "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" өз күшін фермерлер кооперативініӊ тиімді үлгісін құру және оларды ресми түрде тіркеуге бағыттамақ. Кооператив құрамына үш жылдық тәжірибелік жұмыс аясында еӊ үздік нәтижелерді көрсеткен және шаруашылығы тұрақты фермерлер кірмек.

Сондай-ақ, фермерлер көкөністерді ешбір делдалсыз супермаркеттерге өткізуде. Өнімді осындай тікелей тетік арқылы өткізудіӊ жөнге салынуы аталмыш жобаныӊ негізгі жетістіктерініӊ бірі болып табылады. Бұл фермерлердіӊ түсіретін кіріс көлемін орташа есеппен алғанда 30-40%-ға ұлғайтып отыр. 2015 жылы көкөністіӊ 89 тоннасы, ал 2016 жылы 155 тоннасы өткізілді.

"Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" қоғамдық қорыныӊ

атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаеваныӊ айтуынша, фермерлер үшін тағы бір аса өзекті қиындық - логистика және қойма мәселесі болып отыр.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ мәліметінше, Талдықорғанда былтыр ауқымды көкөніс қоймасы салынған. Бұл қойма буферлік аймақта болуға байланысты бұған дейін шетелдерге шыға алмай келген өӊір өндірушілерініӊ өнімін экспортқа бағыттау мақсатын көздейді.

Ал әзірге өнім экспорттау арман секілді сезінетін шаруа қожалықтары көптеген өнімдер бойынша 50 пайыздан асатын импортты еӊсере алмай отыр.

Икесі агроном болған, династиялық дихан, Алматы облысы Қызылшарық ауылдық фермер Марат Мансуров 3-ші жыл қатарынан 1 гектар жерге таӊқурай өсіреді. Ол жуырда ғана польшалық жаӊа сұрып әкеліп еккенін мақтана жеткізді. Айта кету керек, еліміз осы жеміс бойынша небәрі 1 пайыз ғана өнім экспорттайды, еуропалық елдерде маусымаралық кезеӊде оған деген импорттық сұраныс жоғары. Фермер мұндай деректен бейхабар. Үкіметтен бір рет те субсидия алмаған.

САРАПШЫ ПІКІРІ

2016 жылы Алматыдағы тұӊғыш Жеміс-көкөніс форумына қатысқан БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымыныӊ инвестиция жөніндегі сарапшысы Андрей Ярмак Қазақстандағы агроөнеркәсіптік бизнеске қатысты пікір білдірген болатын. Оныӊ өткір айтылған эмоциялы пікірін аудармасыз беруді жөн көрдім:

"Феномен ментальности бескрайней степи негативно влияет на развитие плодоовощной отрасли. Люди сразу хотят сад в 10 тыс. га, думая, что это "для начала". Им совершенно не понятно, что сад даже в 1 тыс. га физически за 1 год посадить невозможно. И им совершенно не понятно, что сад - это ежедневный круглогодичный труд - множество операций в саду, в хранилище, 24х часовой ежедневный напряженный маркетинг, страшная по сложности логистика... И я уже не говорю о выращивании ягод. Их там не выращивают почти. Абсолютно архаичная вера в магическую силу субсидий. На ней построено все. Мое замечание о том, что субсидии - это главная причина низкой конкурентоспособности аграрной отрасли страны было не понято. Конечно же, любовь к "халяве" бессмертна. Совершенно удивительная, слепая вера в то, что посредник - это зло. Возмущение тем, что фермеры получают "всего 40% от розничной цены!!". Когда я объяснил, что в ЕС в лучшем случае бывает 20-25%, сильно удивились".

Кооперативке біріккен адамдар үшін жылдық кірісініӊ тым құрығанда 30-40 пайызын берген жағдайда ғана оны құру мүмкіндігі бар. Бұдан көбірек болса, әрине, тіптен жақсы. Сонда ғана олардыӊ артық табыс табуға талпынысы оянып, жауапкершіліктері пайда болады. Сондай-ақ, өнім өткізу нарығыныӊ төӊірегінде бірігуге болады,- деп санайды Андрей Ярмак.

ФЕРМЕР ИНТЕРНЕТТЕ МЕ?

Еліміздегі фермерлер жағдайыныӊ жедел көтерілмеуіне еӊ алдымен қаржы және техниканыӊ тапшылығы, ақпараттыӊ жетімсіздігі мен өнім өткізу нарығыныӊ шалғайлығы қолбайлау.

Осындай тапшылықтардыӊ біреуін болса да азайтатын тыӊ жоба биыл 2017 жылы Алматыда іске қосылды. Ауылшаруашылығына арналған,барлық ауылшаруашылық қызметкерлері пайдалана алатын, алғашқы интернет-портал жұмыс істей бастады. Agrobiz.kz интернет-порталы шаруа қожалықтарыныӊ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қаржы институттарымен, ғылыми орта және коммерциялық сектормен байланысын жеӊілдету мақсатында жасалған.

Жоба авторы Айдос Аманбайдыӊ айтуынша, "субсидия және несие алу жолдары мен ережелері, агросекторға қатысты шұғыл ақпараттар, сараптамалық мақалалар, сұхбаттар, ғылыми жаӊалықтар, тегін бизнес-жоспарлар мен бизнес-идеяларды да осы порталдан табасыз".

"Егер фермер интернетте жоқ болса, онда бизнесте де жоқ деген сөз", -дейді ол. Қазақстан фермерлерін, ауылдық елдімекендерді жедел интернетке қосу үкіметтіӊ тағы бір міндеті болса керек.

КООПЕРАТИВ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, өндірістік кооперативтер, өткізу кооперативтері, қайта өӊдеуші кооперативтер, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі кооперативтер, кредиттік кооперативтер, сервистік кооперативтер (агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, телефондандыру, асыл тұқымдық және селекциялық қызмет, мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зерттеулер жүргізу және басқалар), ақпараттық-маркетингтік кооперативтер құру көзделіп отыр. Бірінші кезеӊде Қазақстанда ауылдық округте көрсетілген бағыттардыӊ бірін не екі немесе одан да көп бағыттарды біріктіретін бір кооператив құрылуы мүмкін.

Кооперативтіӊ тиімді жұмыс істеуініӊ маӊызды факторы оныӊ мүшелері мен кооператив арасында жалпы жиналыс, басқару органдарыныӊ сайлауын өткізу, кооперативтіӊ пайдасын бөлу және т.б. кіретін шаруашылықішіндегі экономикалық өзара қатынастар тетігі болып табылады. Кооперативтерді ұйымдастыру кезеӊ-кезеӊмен жүргізіледі.

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жолындағы басты кедергілердіӊ бірі коммерциялық банктердіӊ кредиттік ресурстарына қолжетімділік деӊгейініӊ төмен болуы және айтарлықтай мемлекеттік қолдаудыӊ болмауы жағдайында, кооперативтіӊ әлеуетті мүшелерінде техника мен жабдық сатып алу үшін бастапқы капиталдыӊ жетіспеуі болып табылады. Сондықтан, ҚР-да ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тиімділігін арттырудыӊ ұсынылып отырған тетігініӊ негізгі міндеттерініӊ бірі мемлекеттік қаражат, бюджеттен тыс қорлар, жеке және заӊды тұлғалар, отандық және шетелдік донорлық ұйымдар қаражаты есебінен кооперативтік құрылымдарды қаржылық қолдаудыӊ нарыққа барабар көпарналы жүйесін қалыптастыру болып табылады",- делінген бағдарламада. ҚР-ныӊ бірқатар өӊірлерінде ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ қызметін жетілдіру және мемлекеттік қолдау үшін оларды құру жөніндегі пилоттық жобалар әзірленетін және іске асырылатын болады. Кооперативтерді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы ЖОО-лары мен колледждерінде міндетті пән ретінде ауыл шаруашылығы кооперациясыныӊ экономикасы және ұйымдастырылуы жөніндегі курсты жүргізу ұсынылған.

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖИНЕ ӨНДІРІС ИНТЕГРАЦИЯСЫ

Ғылым, білім және өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету, саланы кадрлық қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеӊберінде ҒЗИ мен ЖОО-ны қаржыландырудан тек конкурстық негізде шығармашылық ұжымдарды қаржыландыруға көшу іске асырылатын болады, аграрлық өндірістіӊ нақты сұранымдарын шешуге және практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған зерттеулерді басымдықпен қаржыландыру қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Ғылым, білім және өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласындағы ҚазҰАУ және Астана қаласындағы ҚазАТУ базасында АӨК саласындағы екі зерттеу университетін (агротехнологиялық хаб нысанында) құруды заӊнамалық қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Аталған университеттердіӊ әрқайсысы үшін 2017 жылы даму бағдарламалары бекітілетін болады, олар "Назарбаев Университеті" ДББҰ мысалында дербестікті кеӊейтуді және ғылыми зерттеулер, шетелдік технологияларды трансферттеу мен бейімдеу және білім тарату бағытындағы функционалды кеӊейтуді көздейді.

Сондай-ақ оқыту мерзімі орта мектеп бітірушілері үшін 10 ай және орта мектептіӊ 9-сыныбын бітірушілер үшін 2-3 жыл болатын бұрынғы техникалық училищелер бағдарламалары бойынша бұқаралық жұмысшы кәсіптері кадрларын даярлау қалпына келтірілетін болады және аграрлық бейіндегі орта арнайы білімі бар кадрларды даярлау үшін колледждердегі орын сандары кеӊейтілетін болады.

ҚР мамандықтар сыныптауышына жеке "Аграрлық сектордағы экономика және басқару", "Аграрлық сектордағы бухгалтерлік есеп және аудит" және "Аграрлық құқық" мамандықтары енгізілетін болады, бұл көрсетілген мамандықтар бойынша бакалаврлар даярлауға атаулы мемлекеттік білім гранттарын бөле отырып, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мамандар даярлау, сондай-ақ көрсетілген мамандықтар бойынша магистратура арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім деӊгейіне ие бейінді мамандарды жедел даярлау үшін қажет.

Сондай-ақ "Дипломмен - ауылға" бағдарламасына қатысу үшін ауыл шаруашылығы мамандықтары тізбесін кеӊейту мәселесі пысықталатын болады.

ШЕТЕЛДІК ТИЖІРИБЕ

Израильде ауылшаруашылығы кооперативі мошав деп аталады. Осындай Идан атты мошавтағы 23 жылдық еӊбек тәжірибесі туралы фермер Илья Плоткин әӊгімелейді:

"Біз Израильге 1993 жылы Ресейдіӊ Нижний Новгород түбінен көшіп келдік, сол жылы "Сохнуты" еврейлер агенттігініӊ мошав құру жобасына қамтылдық. Өзім Ресейде мамандығым бойынша инженер-программист, жұбайым - микробиолог болған. Қазір шаруашылығымда негізінен көкөніс, соныӊ ішінде қызанақ, үлкен болгар бұрышы, пияз және соӊғы 3-4 жылда 3 гектар жерге құрма жемісін өсіремін. Ийелім биология және химия мұғалімі".

МОШАВ ДЕГЕН НЕ?

Израильдіӊ ауылшаруашылығы Кибуцтар мен Мошавтарға негізделеді. Кибуц - ортақ мүлікке және мүшелерініӊ еӊбек және тұтыну теӊдігіне негізделген ауылшаруашылық коммунасы. Оларды алғаш рет 20 ғасырдыӊ 20-шы жалдары КСРО-дан шыққандар құрған. Алайда "әркімнен қабілетіне қарай, әркімге тұтынымына қарай" принципі бойынша идеалдық қоғам құру мүмкін болмай, мұндай жағдай өткен ғасырдыӊ 70-80 ші жылдарынан кейін өзін-өзі ақтай алмады. Қазір мұндай қоғамдар азая түскен. Израильде бүгінгі негізгі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін мошавтар құрайды. Мошавтардыӊ бірнеше түрі бар. Ресей мен Қазақстандағы секілді, бұлар да ауылда тұратын фермерлер, бірақ, олардыӊ тіршілікті құру тәжірибесі өзгеше. Біздіӊ мошавта, мысалы, 100 отбасы бар, біз мұнда келген кезде 17 отбасы болған. Үйіміздіӊ маӊайында 1/3 га, сондай-ақ, аумағы 5 га ауылшауашылық мақсаттағы жерді пайдаланамыз. Біз үшін ортақ нәрсе - жер, аумақтағы ортақ тұтынымдағы құрылыс жайлары, инфрақұрылым, спорт алаӊдары, теннис корты және бассейн, балаларға арналған екі, ересектерге арналған бір клуб. Израильде жер жеке меншікке берілмейді, жер - мемлекеттіӊ меншігінде, яғни, егер сіз үй немесе пәтер сатып алсаӊыз, жерді мемлекеттен мерзімі ұзартылып отыратын жалға аласыз. Ал мошавта мерзім қысқалау. Егер мошавтан кеткім келсе, онда мен мошав мүшелерініӊ келісімі бойынша тек бизнесті ғана сата аламын, жерді сата алмаймын.

ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛАДЫ?

Мошавтыӊ жалпы жиналысы билеуші орган болып саналады. Ол басқармаларды сайлайды. Мошавтағы тіршілікті жұмыс комиссиялары реттейді. Қабылдау, мәдениет жөніндегі, жер, су, ревизия, балалар жөніндегі, ортақ мүлік жөніндегі комиссия секілді 10 шақты комиссия бар. Оларға адамдар жалпы дауыс жинау арқылы ерікті түрде сайланады, оған өту үшін шамамен 50 пайыз дауыс жинау қажет.

Ал егер мен комиссияға сайланғым келсе, ал комиссия шамамен 3-7 адамнан тұрады, онда мен өз кандидатурамды ұсынамын, сайлау екі жылда бір рет өткізіледі, жалпы жиналыс жабық дауыс беру арқылы сайлайды, сонда мен комиссияға мүше боламын. Бұл ерікті жұмыс, ол үшін жалақы төленбейді. Комиссия басқарушыны сайлайды. Өз ішімізден ешкім басқарушы болғысы келмеген жағдайда, біз кейде сырттан шақырамыз, басқарушы дегініміз сайланбалы, жалақылы лауазым, оған барлық жағдайлар жасалады, сондай-ақ, есепші мен хатшы секілді екі көмекші беріледі. Бұл екеуі де жалақы алады. Басқарушы өзініӊ әрбір әрекетін комиссиямен келіседі және оныӊ барлық тапсырмаларын орындайды. Ақша бойынша белгілі бір сомадан асқан немесе маӊызды кез-келген шешімді жалпы жиналыс қабылдайды. Егер әлдекім мәселені жалпы жиналысқа шығарғысы келсе, онда кем дегенде 20 пайыздан жоғары дауйыс жинауға тиіс. Біз мошавқа отбасы жоқ адамды алмаймыз, яғни, күйеуі мен жұбайы теӊ екі дауысқа ие, демек, егер мошавта 100 адам болса, 200 дауыс бар деген сөз, яғни, мәселені жалпы жиналысқа шығару үшін 40 қол жинау керек, осындай жағдайда ғана мәселе жалпы жиналысқа шығарылып, шешім басым дауыспен қабылданады немесе қабылданбай тасталады.

МОШАВ МҮШЕЛІГІНЕ ӨТУ

Израильде алдымен мошав құрып, сосын оған мүшелер қабылдай бастайды. Міндетті түрде отбасын құрған жұптар қабылданады, балалары бар болса, онда да көп болса, тіптен жақсы. Біз осылайша 17 отбасынан бастап, жыл сайын 2-3 отбасынан қабылдай отырып, нәтижесінде қазір 100 отбасына жеттік. Мошавқа кіруге өтініш білдірушілер өте көп, бірнеше мыӊ өтініш келіп түседі. Жұмысы еӊ қауырт комиссия - қабылдау комиссиясы. Белгілі бір кезеӊде олар тіпті құжаттар қабылдауды доғарады. Шамамен 200 үміткерлі іріктеп, оларды сұхбатқа шақырады. 10 отбасынан сұхбатқа шақырып, 20 рет мәжіліс өткізеді. Алдын-ала сұхбат кезінде бәр нәрсені сұрап біледі. Сұхбат конфиденциалдық жағдайда өтеді. Рұқсат алмай тұрып, отбасына екі күн мошавтағы екі отбасында тұру ұсынылады. Олар міндетті түрде балаларымен келеді де, мұнда олардыӊ балаларымен құрдас балалары бар отбасылар таӊдап алынады. Таӊертеӊ келіп бір күн алғашқы отбасында болады, яғни, олармен бірге таӊғы тамақтан бастап бірге жұмысқа барады, балалары да күні бойы бірге болады. Ертеӊінде таӊертеӊгі асқа екінші отбасына барады. Келесі күні оларды қабылдап алған отбасылар комиссияға есеп жазады. Осылайша комиссия мошавқа үміткерлердіӊ атын ұсынады.

МОШАВ МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТ БОЛУ

Ир мошавтыӊ қоятын өз талабы бар. Біз қоятын бір талап - олар, ешкімге берешегі жоқ екені турады, егер өздері банкрот болған жағдайда, маусым сәтсіз бола қалса, олардыӊ борыш-қарышы меніӊ немесе меніӊ көршімніӊ мойнына қамыт болып киілмейтіні жөнінде мемлекеттіӊ немесе банктіӊ кепілдігін алып келуге тиіс. Ондайда олар үміткер ретінде қабылданады. Үміткерлік өтілі 1 жыл, осы мерзімде олар да біз секілді еӊбектенеді, бірақ олардыӊ дауыс беру құқығы болмайды. Оларға караван деп аталатын үй беріледі, олар үйдіӊ төӊірегіндегі телімді дамытуға, коммуникация тартуға ақша қосады, оларға бұрын ешкім тұрмаған 5 га жер телімі беріледі, ол жерде әлгілер қандай еӊбек ететіндерін өздері біліп шешеді.

Біз Ресейдіӊ Нижний Новгород қаласынан келгенде "Сохнут" еврейлер агенттігі репатрианттарға арналған жоба жүзеге асыра бастады, бұл КСРО-дан шыққандарды ауылшаруашылығындағы жұмысқа тартуға бағытталған еӊ бірінші әрі соӊғы талпыныс болды. Сол кезде еврейлер агенттігі демеушілік көрсеткен 5 отбасы болдық, біз мошавтағы фермерлердіӊ жылыжайында жұмыс істедік. Бізді қабылдау мерзімі жергілікті израильдықтар секілді 1 жыл емес, 2 жыл еді. Үміткерлерден мошавқа мүшелікке қабылдауды мошавтыӊ барлық мүшелері құпия дауыс беру арқылы жүргізеді.

"КЕРІ ҚАЙТҚАН БАЛА"

Соӊғы кезде біз сырттан үміткер қабылдамайтын болдық. Өйткені, бізде "кері қайтқан бала" деген бағдарлама басталды. Қазір ауылшаруашылығымен шұғылданудыӊ беделі өсіп, балаларымыз кері қайтуға ниет білдіруде. Өз шаруашылығыма мен өз балаларымныӊ барлығын қабылдай аламын. Бұлар мошавқа бірінші кезекте қабылдану құқығына ие. Кейінгі екі жылдан бері біз сырттан бөтен отбасыларды шақырмайтын болдық.

Жуырға дейін бәрі тек ауылшаруашылығымен ғана айналысуға міндетті болған, ал таяуда біз бұл шектеуді алып тастадық. Мошав дегеніміз сырты қоршалған, қорғаудағы ерекше аумақ екеніне қарамастан, жастардыӊ көбі "бізге мошавтағы ауан ұнайды, оныӊ ұйымдастырылуы, осындағы өмір, осындағы микроклимат пен адамдар ұнайды",- дейді.

Олардыӊ арасында туризммен, қонақ үй бизнесімен айналысатындар бар, оларды ауылшаруашылығымен шұғылдануға ешкім мәжбүрлемейді. Ауылшаршуашылық техникасын жалға берумен, жанар-жағармай қамтамасыздығымен шұғылданатындар, балабақшамен жұмыс істейтіндер, мошав аумағында ағаш егу және жасылдандырумен айналысатындар бар. Өйткені, біз мошав аумағын көркейтуге баса назар аударамыз.

Сондай-ақ, өзім өсірген өнімді мен тек ел ішінде ғана сатамын, ал экспортқа өзім шығармаймын. Біздіӊ мошавта өнім экспортымен шұғылданатын "кооператив ішіндегі кооператив" бар. Бұл компанияны екі фермер құрған. Олар өнімді сұрыптау, орап-түю, сыртқа кемемен тасымалдау, бүкіл дүниежүзіне экспорттауды өз мойындарына алған. Мен экспортталған орташа құнмен бағасын аламын, есесіне экспорт үшін меніӊ басым ауырмайды. Ал ел ішіндегі нарыққа өз өнімімді өзім орап-түйіп, өзім жөнелтемін.

ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫС КҮШІ

Ауылшаруашылығындағы жұмыс жалдамалы жұмыс күшініӊ болуын талап етеді. Мошав талабына сәйкес, мен жұмысшыларымныӊ барлығына баспана беруге тиіспін. Біздіӊ мошав елдіӊ оӊтүстігінде шалғайда орналасқан, сондықтан, израильдік жұмыс күшін жалдай алмаймыз, шетелдік жұмыс күшін жалдаймыз. Біз олардыӊ тұруына қажетті барлық жағдайды жасауға міндеттіміз, олар 5 жыл мерзімге жұмыс визасын алады, келісім-шарт бойынша еӊбек етеді, паспортқа жапсырылатын атаулы жұмыс визасы беріледі. Онда меніӊ атым жазылатындықтан, олар үшін мен жауап беремін. Өкінішке орай, қандай да бір себеппен менен кеткісі келсе, олар елден шыққанша виза алып басқа жұмыс күшін тарта алмай қаламын. Бизнестіӊ ауқымына байланысты жұмысшылар саны да түрліше. Бір фермерге бізде 5 гектар жер телімі беріледі. Біз 10-15 га жер берілетін Қазақстан мен 1,5 га жер берілетін Грузияныӊ аралығында орналасамыз. Кибуцтар мен мошавтардыӊ басым бөлігі Израильдіӊ оӊтүстік бөлігінде орналасқан.

ДЕМЕУШІЛЕР

Біз Өлі теӊізге жақын жердегі Арава деген ауданда тұрамыз. Бұл маӊайда 5 мошав бар. Мошавтар арасында ортақ мектеп бар, балаларды таӊертеӊ мектепке жеткізіп отырады. Сондай-ақ, әр мошавта емхана бар, оны Австралия еврейлерініӊ көмегімен салдық. Ал қажетті кардиологиялық және басқа да жабдықтармен жарақтандырылған жедел жәрдем көлігін Чикагода тұратын бір отбасы тегін сыйға тартқан. Мошавта Израильдіӊ Ұтыс ойындары басқармасыныӊ қаражатына салынған ересектерге арналған бір, балаларға арналған екі клуб бар. Бассейн, теннис корты мен футбол алаӊын американдық еврейлердіӊ қаржысына тұрғыздық. Негізінен демеушілер бізді өздері іздеп табады, біз оларды іздемейміз.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК

Мошав сөзі орыс тілінде ауылшаруашылығы кооперативі, елдімекен деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, МАШАВ деген аббревиатура, ұғым бар. Ол шетел азаматтарын ауылшаруашылығына оқытуға арналған Израиль мемлекетініӊ бағдарламасы. Бұл бағдарлама мемлекеттен тысқары жерлерде оныӊ оӊ беделін қалыптастыру үшін жасалған бағдарлама.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек әртүрлі. Меніӊ жадымда осы 23 жыл ішінде мемлекет фермерлерге 2 мәрте ауқымды түрде қолұшын берді.

Мұнда мемлекеттіӊ көмегі нақты шаруашылықтарға жетеді, жолай жоғалып, қолды болып кетпейді, дәлме-дәл тетігі жасалған.

Бізде жер мен оны ұстау қымбат тұратындықтан, "Жер шаруашылығы басқармасы" бай құрылымға жатады. Сол себепті, бізде өте жоғары болып келетін, 40 пайыздан асатын салықтарымыз осы құрылымныӊ көмегі арқылы бізге ішінара қайтып келеді. Бұған қоса біз даму аймағында тұрамыз, сондықтан бізге салық бойынша жеӊілдік жасалады, біз үшін ол 36 пайыз. Демек, салықтыӊ бірнеше пайызы кері қайтарылады.

Мемлекеттіӊ көмегін бөлінген ақша фермердіӊ қарызын өтеуге емес, оныӊ шаруашылығын дамытуға бағытталатындай етіп жасалуы қажет.

Мысалы, жер шаруашылығы бізге аса қымбат тұратын су ұӊғыларын орнатып береді. Кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары жүктемені көтере алмай жатады, ондайда жергілікті муниципалитет көмекке келеді. Жоларға асфальт төсе, балабақшаға қатысты көмек, 7 шақырым жол салу дегендей көмектер берілді.

Жуырда маған Ресейдіӊ Астрахан облысыныӊ губернаторы және ауылшаруашылық министрі басқарған фермерлер делегациясы келіп қайтты. Оларды ерекше таӊдандырған бір дүние - мұндағы фермерлердіӊ барлығыныӊ шаруашылығына су жеберілгендігі болды. Суды шаруашылыққа жеткізу - бұл кез-келген елде аса құнды, сол себепті мемлекеттіӊ көмегі аса маӊызды.

Көмекке берілген ақшаны мен қолма-қол ала алмаймын. Мәселен, ауылшаруашылығы министрлігініӊ өкілдері маған келіп былай дейді: "мысалы, қазір картоп пен пияз артығымен өсірілетін болды, олар тіпті тегін деуге болады, сондықтан сен шаруашылығыӊныӊ бағытын өзгертуіӊ керек. Біз саған, айталық, жылыжайда қызанақ өсіруді ұсынамыз. Жылыжайды орнатуға көмек береміз, бірақ сен қаржыныӊ 30 пайызын өзін табасыӊ",- дейді. Бұл нақты көмек. Фермер тек жылыжайды орнатқаннан кейін ғана ақша алады. Фермер ол үшін банкке келеді де, маған жылыжай тұрғызуға несие керек дейді. Банк кепілдік сұрағанда, ол ауылшаруашылығы министрлігімен арада қол қойылған келісім-шартын көрсетеді, онда шығындардыӊ 70 пайызын, ол дегініміз, жылыжай, компьютер, көшеттер, бірінші жылға судыӊ және тыӊайтқыштардыӊ құны, мемлекет өтейтіндігі жазылған. Тек жұмыс күші ғана мемлекет тарапынан төленбейді. Осындай жағдайда банк келісімін береді, министрлік оған ақша аударады. Бұл шұғыл көмекке жатады. Ал қалыпты көмек деген бар, бірақ оныӊ мөлшері 20 пайыздан аспайды. Күрделі капиталға салынатын көмектер бұған жатқызылады.

Айта кету керек, вице-премьер А.Мырзахметов биылғы сәуірде Израильге жұмыс сапарымен барып, бірнеше келісімдерге қол жеткізген болатын. Сапар барысында Израильдіӊ 60-қа жуық бизнес өкілдерімен кездесулер өткізген. Бұдан кейін елімізге келген осы елдіӊ ауылшаруашылық кәсіпкерлері Қазақстанда бірлескен қор құруға ұсыныспен келді. Бұл қор қаржылық ұйым ғана емес, жобаларды нақты жүзеге асыратын, шетелден инвестиция тартатын, жаӊа технологиялар ендіріп экспортпен айналысатын ірі орталық болмақ. Екі тарапқа да тиімді бұл жобаныӊ алғашқы кезеӊін бірлесіп бастауға "КазАгро" Ұлттық холдингіне тапсырма берілген.

автор: Толеген Ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны