14.08.2015, 12:01 3831

Алматы облысыныӊ тауар өндірушілері ЭКСПО-2017 көрмесіне құрылыс материалдарын жеткізуге дайын

Құрылыс нысандарынан шалғай орналасқанына қарамастан, Алматы облысыныӊ кәсіпорындары ЭКСПО-2017 жобасына белсенді қатысуға ниетті. Олардыӊ пікірінше, Қазақстанныӊ басты құрылыс алаӊына тауарларды жеткізу табыс табуға ғана емес, сонымен бірге, еліміздіӊ ұлттық жобасына атсалысуға мүмкіндік береді.

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - 13 тамызда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшылығы және бас мердігерлері Алматы облысыныӊ кәсіпкерлерімен кездесті. Тауар өндірушілер ЭКСПО-2017 құрылыс алаӊына өз өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құрылыс нысандарынан шалғай орналасқанына қарамастан, Алматы облысыныӊ кәсіпорындары ЭКСПО-2017 жобасына белсенді қатысуға ниетті. Олардыӊ пікірінше, Қазақстанныӊ басты құрылыс алаӊына тауарларды жеткізу табыс табуға ғана емес, сонымен бірге, еліміздіӊ ұлттық жобасына атсалысуға мүмкіндік береді.

"Мен болат есіктерді және өртке қарсы конструкцияларды өндіретін Қазақстандағы еӊ ірі зауыттыӊ атынан келіп отырмын. Біз нарықта 10 жылдан аса уақыттан бері қызмет жасап келеміз, осы уақыт ішінде өз саламызда көшбасшыға айналдық. Бүгінгі кездесу өте жемісті өтті. Біз ЭКСПО-2017 жобасы үшін арнайы әзірленген бастапқы эскиздерді, сызбаларды, түрлі дизайндарды дайындадық. Қазақстандағы әрбір өндіруші компания үшін ЭКСПО-2017 өзін танытуға мүмкіндік беретін көрнекі жоба деп есептеймін", - деп атап өтті "AlCom Engineering Group" ЖШС бас директоры Данияр Илжанов.

Кәсіпкерлер құрылыстыӊ бас мердігерлерімен ғана емес, сонымен бірге құрылыстыӊ бас жобалаушысы "IT Engineering SA" компаниясымен және инвестор "Ренессанс констракшн" ЖШС-мен ( "Mega Plaza" сауда ойын-сауық орталығы) ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылады.

Алматы облысыныӊ тауар өндірушілері өз өнімдерініӊ артықшылықтары туралы ақпарат беріп, өнімдердіӊ үлкен көлемін жеткізе алатындарын атап өтті. "Кәсіпорын 2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді, төрт жылдан кейін біз заманауи жабдығы бар жаӊа зауытты салып бітірдік. Қазіргі күні ол Қазақстанда өз сегментіндегі жалғыз кәсіпорын болып отыр. Өндіріс қуаттылығы ЭКСПО-2017 жобасына желдеткіш жабдықтыӊ басым бөлігін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді "Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС коммерциялық директоры Радина Аширова.

Алматы облысындағы отандық тауар өндірушілерді тарту бойынша жұмыс жалғастырылуда. Қазіргі кезеӊде темірбетон конструкцияларды, шпала мен тіреуіштерді өндіретін зауыт "БеНТ" АҚ-мен келісім-шартқа қол қойылған. Келісім-шарттыӊ жалпы сомасы 45,9 млн. теӊгені құрады.

"Астана "ЭКСПО-2017" ҰК және бас мердігерлер Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарыныӊ тауар өндірушілерімен бірқатар кездесулерді өткізіп қойғанын еске саламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны