13.05.2008, 17:47 2609

Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің пай қорларына инвестиция салуына қойылған шектеуді алып тастауды қолдайды

Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің пай қорларына инвестиция салуына қойылған шектеуді алып тастауды қолдайды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің пай қорларына инвестиция салуына қойылған шектеуді алып тастауды қолдайды. Бұл туралы Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов сенат депутаттарымен кездесу барысында мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз мынадай ұсыныс жасамақшымыз : мүмкін, "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға мемлекеттік қызметкерлерге пай қорларына инвестиция салуға рұқсат беру туралы өзгерістер енгізу жөнінде депутаттар бастама көтерер", -деп мәлімдеді А. Арыстанов.

"Ондай жағдайда 100 мың потенциалдық инвестор пай қорларына инвестиция салар еді. Іс жүзінде бұның депозиттен ешбір айырмашылығы жоқ", - деді ол.

А. Арыстанов Агенттіктің аталған шектеуді алуға бір жылдан бері жұмыс істеп жатқанын еске салды.

"Бәрі де келіскен секілді болғанымен, заң әлі де келіп түскен жоқ, ал қазір Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік кадр саясатының жобасын қайта жасауға ниеттеніп, осы заңның қабылдануын тағы да ұзақ мерзімге созатын түрі бар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны