05.10.2016, 10:16 4447

Алматы - Өскемен автожолына 2016 жылы Ұлттық қордан 9,5 млрд.теӊге бөлінген

Алматы - Өскемен автожолында (қашықтығы - 803 шақырым) құрылыс жұмыстары қашықтығы 141 шақырым болатын Қапшағай-Талдықорған учаскесінде жүріп жатыр, оныӊ 53 шақырым аумағы пайдалануға берілді.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкімет отырысында бірқатар республикалық автожолдардыӊ құрылысы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Алматы - Өскемен автожолында (қашықтығы - 803 шақырым) құрылыс жұмыстары қашықтығы 141 шақырым болатын Қапшағай-Талдықорған учаскесінде жүріп жатыр, оныӊ 53 шақырым аумағы пайдалануға берілді.

Ұлттық қордан бөлінген 2016 жылдыӊ бюджеті - 9,5 млрд.теӊге. Биыл бөлінген қаржы есебінен құрылыс жұмыстары қалған 88 шақырымында жалғасады. Оныӊ 64 шақырымы жыл соӊына дейін аяқталады. Ұлттық қордан бөлінген қаржыныӊ 6 млрд. теӊгесі игерілді (63 %).

Жалпы қашықтығы 237 шақырым болатын Астана- Петропавл-РФ шекарасы автожолы бойынша, құрылыс жұмыстары СҚО аумағында Көкшетау-Петропавл учаскесінде жүріп жатыр.

2016 жылдыӊ бюджеті 11,1 млрд теӊге құрады, оныӊ ішінде 8,3 млрд.теӊгесі Ұлттық қордан. Бөлінген қаржы есебінен жұмыстар 87 шақырым аумақта жалғасуда. Жыл соӊына дейін Астанадан Петропавлға дейінгі жолдағы жұмыстар аяқталып, қозғалыс толық ашылады. 8,3 млрд. тенге (75%), оныӊ ішінде Ұлттық қордыӊ 5,9 млрд теӊгесі игерілді.

Петропавл- РФ шекарасы учаскесін (68 шақырым) қайта жаӊғырту жұмыстарын 2017 жылы бастау жоспарланып отыр.

Жоба толығымен 2020 жылы аяқталады.

Орал-Каменка учаскесіндегі жұмыстарға 2016 жылы 5,6 млрд.тенге бөлініп, олардыӊ 73%-ы игерілді. 100 шақырымда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жыл соӊына дейін Оралдан әрі қарай 27 шақырым жолда қозғалыс ашылады. Жоба толығымен 2018 жылы аяқталады.

Министрдіӊ айтуынша, Жетібай-Жаӊаөзен (73 шақырым), Үшарал-Достық (184 шақырым) және Астана қаласыныӊ Оӊтүстік-Батыс айналма жолы (31 шақырым) жобалары займ есебінен жүзеге асады. Бұл жобалар 2017 жылы басталмақ.

Алматы-Өскеменді қосқанда аталмыш жобалар Алакөл мен Кендірлі курорттық зоналарыныӊ туризмін дамытуға ықпал ететін болады.

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды (925 шақырым, құны - 270 млрд. теӊге), жобалары бойынша инвестиция тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны