24.07.2015, 09:30 4546

Алматы - Талдықорған газ құбырыныӊ 205 шақырымы салынды

"Табиғи газ жеткізілімі Өзбекстан Республикасы - Алматы - Бішкек - Ташкент - Бұхара газды ауданы магистральды газ құбыры арқылы жүзеге асырылады"

Талдықорған. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі күнге дейін Алматы - Талдықорған газ құбыры желілік бөлімініӊ 205 шақырымы салынды.

Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облысы әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлағандай Алматы облысын кешенді газдандырудыӊ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде 2015 жылы Алматы - Талдықорған магистральды құбырыныӊ құрылысына 4 миллиард теӊге көлемінде қаржы бөлініп, ол толықтай игерілген.

"Табиғи газ жеткізілімі Өзбекстан Республикасы - Алматы - Бішкек - Ташкент - Бұхара газды ауданы магистральды газ құбыры арқылы жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Икімдікте сонымен қатар облыста 744 елдімекенніӊ бар екендігін, оныӊ ішінде 473-ін 2030 жылға дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті. Дәл қазір табиғи газға 101 елдімекен қосылған, газбен қамтамасыз ету деӊгейі 21,4 пайызды құрайды. Газ құбыры желілерініӊ жалпы ұзындығы 2 мыӊ шақырымға жеткен. Облыс 265 миллион шаршы метрді табиғи газды және жылына 506,4 мыӊ тонна сұйытылған газды қажет етеді.

"Аймақта жүзеге асырылып жатқан аса ірі әлеуметтік маӊызы жоғары жобалардыӊ бірі де дәл осы Алматы - Талдықорған магистарльды газ құбырыныӊ құрылысы болып табылады. Жобаныӊ жалпы құны 19,9 миллиард теӊгені, ал газ құбырыныӊ жалпы ұзындығы 264,8 шақырымды құрамақ. Газ тарату жобасыныӊ арқасында көгілдір отынмен үш бірдей қала (оныӊ ішінде облыс орталығы - Талдықорған қаласы да бар) және халқыныӊ саны 409,8 мыӊнан астам облыстыӊ 7 ауданы толықтай газбен қамтамасыз етілмек", - дейді баспасөз қызметінен.

Байсерке - Қапшағай бұрылысымен Алматы - Байсерке - Талғар магистральды газ құбыры құрылысыныӊ жобасын жүзеге асыру халқыныӊ саны 300 мыӊнан астам Іле және Талғар ауданындағы 76 елдімекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жоба бойынша газ құбырыныӊ ұзындығы 64,4 шақырым, ал жобаныӊ жалпы құны 7,8 миллиард теӊгені құрады. Қазіргі таӊда 7 елдімекен газ құбырына қосылып үлгерді, қалған 69-ын жуық арада қосуды жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімдігінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны