24.07.2015, 18:43 3906

Алматы үшін бірінші жартыжылдық нәтижелі аяқталды

Алматы әкімдігінде мегаполистіӊ 2015 жылғы бірінші жартыжылдығыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігінде мегаполистіӊ 2015 жылғы бірінші жартыжылдығыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын басында Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланыӊ батыс аудандарында болған кешегі сел барысында барлық қызметтердіӊ атқарған жедел жұмыстарын атап өтті. Икім кеткен шығынға жедел баға беруді, қолданыстағы заӊға сәйкес өтемақы көлемін анықтауды, зардап шеккендерді төлем тәртібімен кеӊінен хабардар етуді, көшелер мен аулаларды тазартуды, электр жарығы мен газ беруді, көшелерді жарықтандыруды ретке келтіруді, сумен қамтамасыз ету жүйесі реттелгенше ауыз су жеткізуді үздіксіз ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, әкім ТЖ кезінде жалған лақап таратқандарды тауып, оларды жауапкершілікке тарту керектігін қадап айтты.

"Прокуратура, полиция, ҰҚК - жалған хабарлар таратып, дүрбелеӊ туғызғысы келгендерді табу сіздердіӊ мундирлеріӊізге сын. Кешегідей, мен зардап шеккен аудандарға күн сайын барамын. Күн сайын, жағдай талап еткендей, істіӊ мән-жайын сол жерден білемін. Құқықтық тәртіп қамтамасыз етілуі, тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылуы, өзгеніӊ затын тонауға жол берілмеуі және тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс", - деді қала басшысы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Тасқын зардаптарын жою аясында азаматтық қоғам мен бизнес арасында түсіністік қалыптасып, олар бірігіп жұмыс істей бастады. Бүгін Медеу қойнауындағы дауыл зардаптарын жоюда тәжірибе жинақтаған "Жана Алатау" қоғамдық қоры зардап шеккендерге көмек ретінде қаржы жинауды бастағандары жөнінде хабарлады. Бұдан өзге, әкім ТЖ органдарыныӊ Ақсай, Құмбел өззендерініӊ бойына жаӊа қорғаныс нысандарын салуы, Мыӊжылқы бөгетін кеӊейтулері және ауа райыныӊ қолайсыздығына орай мұздақтар мен моренді көлдердіӊ жағдайын ғылыми тұрғыда саралау жөнінде үкіметке арнайы ұсыныс жасау жөнінде құжат дайындауды тапсырды.

Бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысы туралы сөз етсек, бірде-бір саланыӊ көрсеткіші төмендемеген. Аталған кезеӊ ішінде сауда, көліктік қызмет көрсету, құрылыс, байланыс және басқа да салалар елеулі түрде алға жылжыған. Өнеркәсіп саласында 311,8 млрд. теӊгеніӊ өнімі шығарылған, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 4,3%-ға артқан. Нақтылы сектордағы көрсеткіштіӊ игі динамикасы несие бөлудіӊ өсуімен сипатталады. Екінші деӊгейлі банктер экономика саласына 2 280,2 млрд. теӊге көлемінде несие бөлген, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 21%-ға көп, кіші бизнесті несиелеу ауқымы 1,8 есе ұлғайған. Құрылыс секторында 766,1 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, 2014 жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Бюджеттіӊ орындалуы 99,9%-ды құрады, Алматы легализациялау барысы бойынша республикада жетекші орында. Жыл басынан бері қарай жалпы сомасы 71 млрд. 313 млн. теӊге болатын 4763 нысан жария етілген.

"Екінші жартыжылдықта әлемдік экономика мен еліміздегі жағдайдыӊ қалай болатындығы әзірше белгісіз. Илемніӊ барлық танымал экономистері келер жылдыӊ оӊай болмайтындығын айтуда. Сондықтан біз бюджеттік шығындарды жіті бақылап, ішкі резервтерді іздестіруді одан әрі жалғастыруымыз қажет", - деді әкім.

Жиын соӊында қала басшысы биылғы жылдыӊ екінші жартысыныӊ нақтылы міндеттерін атап өтті. Яғни, 15 тамызға дейін дағдарысқа қарсы жоспар түзетілуі, оқу жылы басталғанша жылу маусымына дайындық аяқталуы тиіс, ведомоствалық бағынышты кәсіпорындардыӊ қаржылық тиімділгі артып, мемлекеттік сатып алуға қатысушы заӊды тұлғалардыӊ салықтық деӊгейі тексерілгені жөн, жыл аяғына дейін бюджетті игеру қарқыны сақталып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы "100 нақты қадам" атты ұлттық Жоспарды жүзеге асуы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны