28.12.2010, 15:53 4136

Алматы және Павлодар облыстарында екі жаңа Арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда

Алматы және Павлодар облыстарында екі жаңа Арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы және Павлодар облыстарында екі жаңа Арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен Павлодар және Алматы облыстарына айтқым келіп отырғаны: менелбасының атына хат жолдаған болатынмын, Алматы және Павлодар облыстары үшін 2 жаңа аймақты құруды Мемлекет басшысы қолдап отыр", - деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет отырысы барысында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірде Арнайы экономикалық аймақты құру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатқандығын, бірақ кейбір мәселелер заңды тұрғыдан шешуді қажет ететіндігін жеткізді.

"Қазіргі кезде германиялық басқарушы компаниямен жұмыс жасап жатырмыз. Жақын арада бұл саладағы сарапшылар келеді деп күтілуде", - деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны