30.03.2007, 16:52 3323

Алматы Жылу энергетикалық кешенін 2020 жылға дейін дамыту және модернизациялау үшін 383 млрд теңге қажет - "КМГ-Энерго"

АЛМАТЫ. 30-наурыз. Kazakhstan Today. 2020 жылға дейін Алматы Жылу энергетикалық кешенін дамыту және модернизациялау үшін 383 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін "дөңгелек үстел" барысында "КМГ-Энерго" АҚ-ның бас директорының бірінші орынбасары Бірлік Оразбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматыны жылу және электрмен қамтамасыз етуді дамыту жоспарына сәйкес 2020 жылға дейінгі кезеңде "АПК" АҚ қуат нысандарын ауыстыру және жаңалау жұмыстарын жүргізу үшін 383 млрд теңге көлеміндегі қаржы қажет",- деп хабарлады Бірлік Оразбаев. Атап айтқанда, ол электр желілерінің нысандарын салуға және жаңартуға 170 млрд теңге қажет, ал орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалау мен кеңейту инвестициясы 213 млрд теңгені құрайтындығын атап өтті.

Сонымен қатар, "КМГ-Энерго" АҚ директорының орынбасарының ақпараттарына сүйенсек, қаланың қолданыстағы электрмен қамтамасыз ету нысандарын жаңарту және жаңа нысандар салу жұмыстары басталған. "Бағдарламаға сәйкес, 8 қосалқы станцияны жаңалау мен екі жаңа станция салына бастады. Бұған қосымша тағы үш қосалқы станция салу туралы шешім қабылданған. Жұмсалатын шығын шамамен 21 млрд теңгеден асып жығылады",- деп атап өтті Бірлік Оразбаев.

Ол, сондай-ақ, метрополитендерге қызмет көрсететін Қарасу, Алатау, Отырар және Кеңсай секілді төрт қосалқы станция салу жоспарланғандығын хабарлады. "Құрылыстардың бағасы шамамен 9 млрд теңгені құрайды",- деп қосты Бірлік Оразбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны