17.10.2018, 17:49 4102

Алматыда 1-ші жартыжылдықта жалпы өӊірлік өнім көлемі 4 800,2 млрд. теӊгені құрды

2018 жылғы IІ -ші тоқсанда халықтыӊ орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ бағалауы бойынша 139662 теӊгені құрады, бұл 2017 жылғы IІ -ші тоқсанға қарағанда 7,6 % жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезеӊ ішінде 1,5%-ға өсті.

Алматы. 17 қазан. Kazakhstan Today - 16 қазанда Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында - Алматы қаласы статистика департаментініӊ басшысы Қарғұлов Бағлан Абайбекұлыныӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Бағлан Абайбекұлыныӊ сөзіне сүйенсек, 2018 жылғы қаӊтар-қыркүйектегі Алматы қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қысқаша қорытындылары бойынша:

Тұрмыс деӊгейі

2018 жылғы IІ -ші тоқсанда халықтыӊ орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ бағалауы бойынша 139662 теӊгені құрады, бұл 2017 жылғы IІ -ші тоқсанға қарағанда 7,6 % жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезеӊ ішінде 1,5%-ға өсті.

Еӊбек нарығы және еӊбекақы төлеу

2018 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 49,6 мыӊ адамды құрады. Жұмыссыздық деӊгейі жұмыс күші санына 5,2% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2018 жылғы қыркүйектіӊ соӊына 9870адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,0%.

2018 жылғы IІ тоқсанда бір қызметкердіӊ орташа айлық атаулы жалақысы 204740 теӊгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларыныӊ индексі 2018 жылғы қыркүйекке 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,4% құрады. Азық-түлік тауарларыныӊ бағалары - 2,5%-ға, азық-түлік емес тауарларыныӊ бағалары - 4,3%-ға, ақылы қызметтердіӊ - 3,6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы қыркүйекке 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.

Өӊірлік экономика

2018 жылғы 1-ші жартыжылдықта жалпы өӊірлік өнім көлемі 4 800,2 млрд. теӊгені құрды. 2017 жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-ніӊ өсуі 2,8 % құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 7,6% құрады, қызмет көрсету - 85,5%.

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекке негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 488926,6 млн. теӊгені құрады, бұл 2017 жылғы қаӊтар-қыркүйекке қарағанда 18,5%-ға артық.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заӊды тұлғалардыӊ саны 122 919 бірлікті құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 5,5%-ға артты, оныӊ ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар - 121 132 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заӊды тұлғалардыӊ саны 66 831 құрады, оныӊ ішінде 65 370 бірлік - шағын кәсіпорындар.

Сауда

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекте "Сауда" саласы бойынша нақты көлем индексі 104,2%-ды құрады.

2018 жылғы қаӊтар- қыркүйекта бөлшек сауда көлемі 2125,1 млрд. теӊгені немесе 2017 жылғы қаӊтар- қыркүйекпен салыстырғанда 112,9%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаӊтар- қыркүйекта көтерме сауда көлемі 7499,3 млрд. теӊгені немесе 2017 жылғы қаӊтар- қыркүйекпен салыстырғанда 101,5%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканыӊ нақты секторы

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағаларда 639,2 млрд. теӊгені құрады, бұл 2017 жылғы қаӊтар-қыркүйекке 3,8%-ға артық. Өӊдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,2%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 5,9%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 21,3%-ға кеміді.

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекке ауыл шаруашылығы жалпы өнімініӊ (көрсетілетін қызметтерініӊ)көлемі 5023,9 млн. теӊгені құрап, 2017 жылғы қаӊтар-қыркүйекке қарағанда 3,4%-ға артты.

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарыныӊ (қызметтерініӊ) көлемі 220283,1 млн. теӊгені құрады, бұл 2017 жылғы қаӊтар-қыркүйекке қарағанда 5,8% -ға артық.

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекте "Көлік" (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2%-ды құрды.

2018 жылғы қаӊтар-қыркүйекте жүк айналымыныӊ көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердіӊ жүк айналымы көлемініӊ бағалауы есебімен) 18 573 млн. ткм құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 10,9%-ға өсті. Жолаушылар айналымыныӊ көлемі 29 464 млрд. жкм құрап, 8,9 % артты.

Қаржы жүйесі

2018 жылғы II тоқсанда жұмыс істейтіндердіӊ саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардыӊ қаржылық нәтижесі пайда ретінде 84,2 млрд. теӊге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деӊгейі 3,5%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардыӊ жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33,4%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны