26.12.2008, 17:35 3243

Алматыда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар үшін электр қуатының тарифі ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағат үшін 8,84 теңгені құрайды

Алматыда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар үшін электр қуатының тарифі ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағат үшін 8,84 теңгені құрайды

Алматы. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар үшін электр қуатының тарифі ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағат үшін 8,84 теңгені құрайды, деп хабарлайды агенттік "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""АлматыЭнергоСбыт" ЖШС Алматы мен Алматы облысы аймағының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 268-ші бабының 1 тармағына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құнға ҚҚС ставкасы 12% мөлшерінде белгіленген, осыған байланысты жеке тұлғалар үшін электр қуатының тарифі ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағат үшін 8,84 теңгені құрайды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Заңды тұлғалар үшін тәулік бойынша дифференциалды тариф ставкасына сәйкес күндізгі тариф ставкасы (7.00 мен 19.00 аралығында) 1 кВт-сағ үшін 11,33 теңге, электр қуаты ең жоғары деңгейде қолданылатын уақытта (19.00 мен 23.00 аралығында) - 17,43 теңге, түнгі тариф ставкасы (23.00 мен 07.00 аралығында) 12% ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағ үшін 2,50 теңге болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны