14.09.2016, 16:27 3208

Алматыда 200-ге жуық ескі үйге әрлеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгінгі таӊда жасалған жұмыстардыӊ нәтижесінде 17 тұрғын үйдіӊ келбеті түзелген.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда ескі тұрғын үйлердіӊ қасбетін өзгерту жұмыстары жалғасын табады, деп хабарлады қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Бүгінгі таӊда жасалған жұмыстардыӊ нәтижесінде 17 тұрғын үйдіӊ келбеті түзелген.

Мамандардыӊ айтуынша, жоспар бойынша көп жылдан бері өӊі қашып тұрған қаладағы ескі үйлер бірінші кезекте қолға алынады. Жөндеу жұмысына үйдіӊ қасбетін сырлау ғана емес, шатырды да жаӊарту кіреді.

Үйлердіӊ ажарын аша түсу үшін жарқын бояулар таӊдап алынған. Айта кету керек, бұл іске қазақстандық өнімдер ғана сатып алынған.

Аталған жұмыстар Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығын тойлау қарсаӊында қалалық әкімдіктіӊ ұйымдастыруымен іске асып отыр. Ирлеу, жөндеу жұмыстарына мемлекет пен кәсіпкерлердіӊ қаржысынан бөлек, жеке инвесторлар да тартылған.

Жалпы, биылғы жылы Алматыда 200-ге жуық тұрын үйге әрлеу жұмыстары жүргізілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны