19.01.2015, 20:11 4291

Алматыда 2014 жылдыӊ қорытындысы шығарылып, "2015-2017 жылдардағы дағдарысқа қарсы жоспар" қабылданды

Алматы әкімі жиын жұмысын қорытындылай келіп, 2015 жылы да мегаполистіӊ экономикалық саясаты бұрынғысынша әлеуметтік салаға бағытталатындығын атап өтті.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда экономиканыӊ динамикалық тұрақты өсуі арқасында 2014 жылы ЖӨӨ өндіру көлемі 6 пайызға өсіп, 8 трлн. теӊгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ әкімі Ахметжан Есімов бүгін мегаполистіӊ 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындылары және 2015 жылдыӊ алда тұрған міндеттері туралы мәселе қараған алқалы жиында атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өнеркәсіп пен құрылыста, көлік пен сауда және қызмет көрсету салаларында қарқын жоғары. Өткен жылы 1 330,8 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 %-ға артық. Банктік несие көлемі 5 трлн. теӊгеге жетіп, 28,4%-ға артқан. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 649,1 млрд. теӊге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға өскен.

"Өткен жылдыӊ қорытындысын саралай келе Алматыда эконмиканыӊ барлық салалары бойынша дамудыӊ оӊ динамикасы қалыптасқандығын байқауға болады. Алайда, биылғы жыл экономикалық жағынан алғанда күрделі болайын деп тұр. Мен сенбі күні дағдарысқа қарсы жасалған жоспарға қол қойдым. Осыған орай, барлық құрылымдық бөлімшелерге шығынды оӊтайландыруды тапсырамын. Бірінші басшылар бұл мәселені тікелей өз бақылауларына алулары тиіс", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы қала құрылымдары басшыларына бірқатар нақтылы тапсырмалар берді. Атап айтқанда, бюджетті толтырудыӊ, шығынды азайтудыӊ, мемлекеттік- жеке серіктестік жұмысты одан әрі жандандырудыӊ, мерекелік шаралар жоспарыныӊ санын қысқартудыӊ жаӊа көздерін іздестіру, әсіресе, әлеуметтік- маӊызы бар тауарлардыӊ тұтыну бағасы индексіне мониторинг жасауды күшейту, монополистердіӊ инвестициялық жоспарлары негізінде коммуналық қызмет көрсету бағасын жіті тексеру, жыл ішінде 20 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашу атап көрсетілді.

Кәсіпкерлікті ынталандыруды күшейту мақсатында "Даму" АҚ-ымымен бірігіп Алматыныӊ аса маӊызды секторы - сауда саласын одан әрі дамытуға барынша қолдау көрсетілетін болады. Бұл мақсатқа 4 млрд. теӊге бөлінеді.

Тұтыну бағасыныӊ индексін 6-8% дәлізінде ұстап тұру үшін әлеуметтік маӊызы бар тауарлар бағасыныӊ негізссіз өсуіне жол берілмейді әрі осыған қатысты нақтылы шаралар жүзеге асады.

Алматы әкімі жиын жұмысын қорытындылай келіп, 2015 жылы да мегаполистіӊ экономикалық саясаты бұрынғысынша әлеуметтік салаға бағытталатындығын атап өтті.

2014 года жылдыӊ негізгі қорытындылары:

2014 жылдыӊ 9 айы ішінде жалпы өӊірлік өнім өндіру көлемі 10,2% -ға өсті.

2014 жылы мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер жинау бұрнағы жылдармен салыстырғанда 4,5 % -ға өсті, кедендік төлем 1 триллион 429,1 млрд. теӊгені құрады. Алматы қаласыныӊ өткен жылғы нақтылы бюджеті 356 млрд. теӊгені құрады, соныӊ арқасында барлық салалар бойынша өсімге қол жетті.

Өткен жылы өнеркәсіптік өнім шығару көлемі 2,1%-ға артып, 649,1 млрд. теӊгені құрады.

Орташа жалақы 155 140 теӊге болды. Өткен жылы 23 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны