20.01.2015, 20:55 4296

Алматыда 2015 жылдыӊ бюджеті анықталды

Бүгін Алматыда 2015 жыл бюджетініӊ көлемі анықталды, ол 434 млрд. 497 млн. 412,3 мыӊ теӊгені құрайды. Қаланыӊ бюджеттік шығындарды алып тастағандағы нақтылы бюджеті - 350 млрд. 841 млн. теӊге. Бұл жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімовтыӊ қатысуымен өткен V шақырылымдағы мәслихаттыӊ кезектен тыс XXXV сессиясында белгілі болды

Алматы. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда 2015 жыл бюджетініӊ көлемі анықталды, ол 434 млрд. 497 млн. 412,3 мыӊ теӊгені құрайды. Қаланыӊ бюджеттік шығындарды алып тастағандағы нақтылы бюджеті - 350 млрд. 841 млн. теӊге. Бұл жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімовтыӊ қатысуымен өткен V шақырылымдағы мәслихаттыӊ кезектен тыс XXXV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы әкімі мегаполисте өткен жылы барлық көрсеткіштері бойынша оӊ динамика қалыптасқандығын атап өтті. Дегенмен, әлемде орын алып отырған экономикалық жағдайға орай Алматыда "2015-2017 жылдардыӊ Дағдарысқа қарсы жоспары" бекітілді, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

"Өткен жыл ойдағыдай өтті. Ал, биыл жоғарыда аталған себептерге байланысты бюджет қысқаруы мүмкін. Біз қазіргі кезде жалпы сомасы 3,3 млрд. теӊгеніӊ оӊтайландыру жұмыстарын жүргіздік. Жергілікті бюджетті толықтыратын резервтер де бар. Олар "Дағдарысқа қарсы жоспарда" нақтылы көрсетілген. Біздіӊ міндетіміз оны толығымен жүзеге асыру", - деді Ахметжан Есімов.

Қаланы басқару схемасын бекіту туралы мәселені қарау барысында Үкіметтіӊ 2014 жылдыӊ 29 желтоқсанындағы №1397 қаулысына сәйкес Алматыныӊ жергілікті атқару органыныӊ базалық құрылымына 3 басқарма қосылды, олар - Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы, Жерді пайдалануды бақылау басқармасы және Ауыл шаруашылық басқармасы.

"Президент өткен жылдыӊ тамыз айында билікті орталықсыздандыру, бірқатар функциялар мен өкілеттілікті жергілікті органдарға беру туралы міндет қойған болатын. МСҚББ бізде болғанымен, министрлікке бағынатын, енді ол біздіӊ қарауымызға қайтарылды. Жер инспекциясы басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы туралы да осыны айтуға болады. Яғни, орталыққа бағынышты болғандар жергілікті атқару органдарыныӊ қарамағына қайтарылды", - деді Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны