27.05.2015, 14:32 4861

Алматыда 2015 жылдыӊ бюджеті нақтыланды

Бүгін Алматы қаласыныӊ әкімі Ахметжан Есімовтыӊ қатысуымен V шақырылымдағы қалалық Мәслихаттыӊ 40-шы сессиясы қаланыӊ 2015 жылғы нақтыланған бюджетін бекітті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласыныӊ әкімі Ахметжан Есімовтыӊ қатысуымен V шақырылымдағы қалалық Мәслихаттыӊ 40-шы сессиясы қаланыӊ 2015 жылғы нақтыланған бюджетін бекітті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасы тұрақты сақталып келеді. Икім атап өткендей, Алматыныӊ 2015-2017 жылдарға қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыруда оӊ нәтижелерге қол жетуде. Ал бұл 4 айдыӊ қорытындысы бойынша бюджеттіӊ кіріс бөлігініӊ қосымша резервтерін іздестіруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

"Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы өӊірлер экономикасыныӊ негізгі даму индикаторы - ЖӨӨ 8 трлн. теӊгеден асты, өсім қарыны 107,1% құрады. ЖІӨ-де Алматыныӊ үлесі бұрынғыдай республика бойынша еӊ жоғары - 20,7% жетіп отыр. Үстіміздегі жылдыӊ 4 айы ішінде еліміз бойынша салық жинауда қаланыӊ үлес салмағы рекордтық көрсеткішке, яғни 33% жетті", - деді Ахметжан Есімов.

Негізгі капиталға деген инвестиция көлемі де өскен - 106,1%. Өндіріс көлемі 102,4%-ға өсті. Шағын және орта бизнес суъбектілірініӊ саны да артқан. Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 12,7%-ға көбейді. Дағдарысқа қарсы шаралар мен резервтер көздерін іздестіру нәтижесінде 26 млрд. 785 млн. 603 мыӊ теӊге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Ол мегаполистіӊ әлеуетті бағыттары - денсаулық сақтау мен білім беру салаларыныӊ материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, Шаӊырак-5, Ақбұлақ, Алғабас ықшам аудандарындағы электр желілерін қайта жасауға, Наурызбай ауданында әлеуметтік және әкімшілік нысандарды салуға, Ян Гейлдіӊ жобасы бойынша қаланыӊ 8 ауданыныӊ аумағын жасылдандыруға және басқа да жобаларға жұмсалатын болады.

Осылайша, Алматыныӊ қалалық Мәслихаты қала бюджетін 470 млрд. 844 млн. 679,4 мыӊ теӊге көлемінде бекітті. Жалпы, қаланыӊ нақтыланған бюджетініӊ жалпы көлемі 387 млрд. 188 млн. 279,4 мыӊ теӊге болып белгіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны