11.12.2015, 10:15 4254

Алматыда 2016 жылдыӊ бюджеті бекітілді

Алматыда Мәслихаттыӊ кезектен тыс өткен XXXVII сессиясында қаланыӊ алдағы 2016 жылдыӊ бюджеті 361 млрд. 897 млн. 580 мыӊ теӊге көлемінде бекітілді, бюджеттік алымдарды қоса есептегенде Алматы қаласыныӊ нақтылы бюджетініӊ жалпы көлемі 264 млрд. 213 млн. 572 мыӊ теӊгені құрайды

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда Мәслихаттыӊ кезектен тыс өткен XXXVII сессиясында қаланыӊ алдағы 2016 жылдыӊ бюджеті 361 млрд. 897 млн. 580 мыӊ теӊге көлемінде бекітілді, бюджеттік алымдарды қоса есептегенде Алматы қаласыныӊ нақтылы бюджетініӊ жалпы көлемі 264 млрд. 213 млн. 572 мыӊ теӊгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бюджет жобасы Алматыныӊ даму параметрлері мен қаланыӊ 2016-2020 жылдарғы даму Бағдарламасыныӊ көрсеткіштері негізінде жасалды. 2015 жылдыӊ ЖӨӨ көлемі 8,9 трлн. теӊге деӊгейінде, өсім 2,5%. Осы динамиканы ескере отырып 2016-2018 жылдарға болжам жасалды", - деп атап өтті Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Жиын барысында 2016 жылы жергілікті бюджет шығындары, республикалық бюджеттіӊ мақсатты трансферттерін есептемегенде 253 млрд. 374 млн. 499 мыӊ теӊгені құрайды, оныӊ ішінде: ағымдағы шығындар - 132 млрд. 113 млн. 495 мыӊ, жергілікті атқару органыныӊ резерві - 2 млрд. 340 млн. 966 мыӊ, бюджеттік алым - 97 млрд. 684 млн. 008 мыӊ, даму бюджеті - 11 млрд. 012 млн. 030 мыӊ, жергілікті бюджет есебінен бюджеттік дамудыӊ мақсатты транферттерін қаржыландыру шамамен 10,2 млрд. теӊге.

Естеріӊізге сала кетейік, бүгін таӊертеӊгісін "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясыныӊ кеӊейтілген мәжілісінде Алматы мәслихатыныӊ жергілікті бюджеттік комиссиясы "нұротандықтардыӊ" маӊызды салаларға қосымша 12,3 млрд. теӊге бөлу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қаржы қаладағы өзекті мәселелерге бөлінеді, олар: қаланыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге - 2,9 млрд.; бұқаралық спортты дамытуға - 500 млн., өткен жылмен салыстырғанда 20 есе көп; қаланыӊ инженерлік инфрақұрылымын дамытудыӊ өтпелі жобаларына - 7,2 млрд. және әлеуметтік нысандарды салуға - 1,7 млрд. тенге.

Бюджетті дамытудыӊ жергілікті бюджет есебінен мақсатты трансферттерді қаржыландыруға шамамен 10,2 млрд. теӊге бөлінеді. Мегаполис басшысы жалпыәлемдік экономикалық ахуалдыӊ қиындығына қарамастан шығындарды оӊтайландыру әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты.

"Мен сіздердіӊ естеріӊізге тағы да салғым келетіні, шығындардыӊ 50% астамы қалалықтардыӊ өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалатын болады, олар- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау. Сонымен қатар, 146 млрд теӊгені біз орталықтан трансферт ретінде аламыз. Осылайша, Елбасыныӊ тікелей қолдауы арқасында біздіӊ қаламызға үлкен көмек көрсетілуде", - деп атап өтті әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны