21.10.2015, 19:58 4317

Алматыда 2016 жылдыӊ мамырына қарай ақылы автотұрақтар енгізілетін болады

Алматыныӊ көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесініӊ мүшелері мен қала прокуратурасы қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәсееле көтерді, деп хабарлады қала әкімдігі

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Алматыныӊ көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесініӊ мүшелері мен қала прокуратурасы қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәсееле көтерді, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған орай, келер жылдыӊ басына дейін автотұрақ инфрақұрылымыныӊ бірыӊғай Концепциясы жасалып, оныӊ құрамына тұрақ аймағы көрсетілген карта, стационарлы, аула ішіндегі автотұрақтар мен гараж кооперативтері енетін болады. Жеке инвесторларды тарта отырып, ақылы автотұрақтар құру жобасы қолға алынады. Ақылы автотұрақтар жүйесі 2016 жылдыӊ мамыр айында жұмыс істейді деп жоспарлануда, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Автотұрақтарға өзгеріс енгізуге тұрғындардыӊ көптеген шағымдары себеп болды. Мысалы, қадағалаушы органдар өкілдері "Алматы спецтехпаркинг сервисті" тексерген кезде кәсіпорында барлық бағыттар бойынша көптеген былықтардыӊ орын алғандығы анықталды.

Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Борис Джапаров:"Автотұрақтар мәселесі ойлантады, олар көлік қозғалысына кедергі келтіріп, көлік апатына себепкер болуда әрі ешқандай чек бермейді, жауапкершілікті мойындарына алмайды"-, деді.

Автокөлік тұрақтарыныӊ мәселесін дұрыс шешу, мегаполисте жол көлік қозғалысын жақсарту, мұндағы көлеӊкелі қаржы көздерін анықтау үшін бірқатар нақтылы шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, жалға берілген жерлердіӊ мерзімі біткендіктен әрі бұл жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағандықтан қайтарып алынады. Жол белгілері қойылатын аймақтар кеӊейтіліп, автокөлікті тасымалдаудыӊ арнайы техникасыныӊ саны артатын болады.

Келер жылдыӊ аяғына дейін 109 кезекшілік- диспетчерлік бірыӊғай базада байланыс орталығы құрылып, оған қала тұрғындары заӊсыз алынған ақша туралы хабарлай алады.

Жиын соӊында әкімдіктіӊ осы іске тікелей қатысы бар қызмет көрсету ұйымдарына қайтарып алынған жер учаскелеріне көп деӊгейлі паркингтер салу мәселесін жете зерттеу тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны