17.07.2018, 20:20 5860

Алматыда 2018 жылы 140 жер учаскесін сатып алу жоспарланып отыр

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы 140 жер учаскесін сатып алу жоспарланып отыр, оған республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 6,1 млрд.теӊге бөлінген (13,2 млрд.теӊге - республикалық бюджеттен және 1,5 млрд.теӊге - жергілікті бюджеттен).

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Алтынбек Жанатұлы Ахметовтыӊ қатысуымен "Алматы қаласы бойынша қолда бар жер қорын сараптау және оныӊ нәтижелері туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы 140 жер учаскесін сатып алу жоспарланып отыр, оған республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 6,1 млрд.теӊге бөлінген (13,2 млрд.теӊге - республикалық бюджеттен және 1,5 млрд.теӊге - жергілікті бюджеттен).

Осы бағытта тұрақты және жүйелі түрде жұмыс жүргізудіӊ нәтижесінде Басқарма бүгінгі таӊда 109 жер учскесін бөлінген қаражаттар есебінен жалпы сомасы 4,1 млрд.теӊгеге сатып алды.

2,0 млрд. теӊге сомадағы қалған қаражат ағымдағы жылы толығымен игерілетін болады.

Барлық бағдарлама әкімгерлерініӊ жұмысын және қаланыӊ маӊызды инвестициялық жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде Жер қатынастары басқармасыныӊ атқаратын маӊызды қызметтерініӊ бірі - мемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қою болып табылады.

2015 жылға дейін мемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қою шараларын бағдарлама әкімгерлері дербес жүргізген.

Бұл функцияларды Басқарма тек соӊғы 3 жылдыӊ ішіндеғана атқарып келеді.

2015-2016 жылдарымемлекет мұқтажы үшін жалпы сомасы 7,8 млрд. теӊгеге144 жер учаскесі сатып алынған, сондай-ақ 2017 жылы 12 млрд. теӊгеге 221 жер учаскесі сатып алынған.

Осылайша, былтыр сатып алынған жер учаскелерініӊ саны, 2015-2016 жылдары жүргізілген жұмыс көлемінен1,5 есеге асып түсті.

2017 жылы 30 нысан бойынша жұмыстар басталып, оныӊ ішінде 22 нысан бойынша жұмыстар аяқталған.

Ағымдағы жылы Басқармада 22 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде, оныӊ ішінде 8 нысан былтырдан келе жатқан нысандар (переходящие объекты), деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны