05.07.2018, 23:50 5100

Алматыда "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы кредит берілді

Жылжымайтын мүліктіӊ еӊ жоғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін 25 млн теӊге, ал қалған өӊірлер үшін 15 млн теӊге деп белгіленген. Сатып алынатын жылжымайтын мүлікке айрықша талап қойылмайды, негізгі жалғыз параметрі - жаӊа пайдалануға берілген жаӊа үй болуы шарт.

Алматы. 5 шілде. KazakhstanToday- Алматыда 4 шілдеде "ЦентрКредит Банкі" мен "Баспана" ипотекалық компаниясы бірлесе отырып "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы кредитті берді, деп хабарлайды KazakhstanToday.

"Мен бұл бағдарламаныӊ өзектілігі мен маӊызын атап өткім келеді. "7-20-25" ипотекасы мемлекеттіӊ уақытын тапқан әлеуметтік бағдарламасы, ол ипотекалық кредиттеу нарығын қолдауға және экономиканыӊ құрылыс саласын қарқындандыруға бағытталған. "7-20-25" шеӊберінде ипотекалық кредит алған жағдайда несие алушы үшін ай сайынғы төлемдер бойынша қаржылық жүктеме әжептәуір төмендейді",- деді "ЦентрКредит Банкі" басқармалары төрағасыныӊ орынбасары, басқарма мүшесі Тимур Ишмуратов.

Еске сала кетейік,бағдарламаныӊ басты артықшылықтары: жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 7 пайыз, бастапқы жарнасы - 20 пайыз, еӊ жоғары кредит алу мерзімі - 25 жыл.Соныӊ нәтижесінде халықтыӊ барынша ауқымды бөлігі қолжетімді әрі жаӊа пайдалануға берілген су жаӊа үй алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Жылжымайтын мүліктіӊ еӊ жоғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін 25 млн теӊге, ал қалған өӊірлер үшін 15 млн теӊге деп белгіленген. Сатып алынатын жылжымайтын мүлікке айрықша талап қойылмайды, негізгі жалғыз параметрі - жаӊа пайдалануға берілген жаӊа үй болуы шарт.

"Тұтастай алғанда, бұл бағдарлама үшін үлкен перспектива көріп отырмын",- деді банк басқармалары төрағасыныӊ орынбасары.

Қазақстанныӊ тағы да алты қаласында, атап айтқанда, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай және Оралда банк клиенттері аталған бағдарлама бойынша қолжетімді жаӊа баспана алу мүмкіндігіне ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны