20.08.2018, 16:58 8055

Алматыда 7 айдыӊ қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімі 37 млрд. теӊгеге өсті

Алматыда жеті айдыӊ қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімініӊ өсуі 37 млрд. теӊгеге белгіленді. Сонымен бірге, жалпы көлемніӊ үлесі 661,2 млрд. теӊгені құрай отырып, қазірдіӊ өзінде 60% асып түсті.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ қайта жаӊғыруы, қаланыӊ тарихи орталығын қайта құру шағын және орта бизнестіӊ дамуына қалай ықпал еткенін алматылық кәсіпкерлер айтып берді. Алматыда жеті айдыӊ қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімініӊ өсуі 37 млрд. теӊгеге белгіленді. Сонымен бірге, жалпы көлемніӊ үлесі 661,2 млрд. теӊгені құрай отырып, қазірдіӊ өзінде 60% асып түсті.

Илемдік тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілер аймағыныӊ трансформациясы трафиктіӊ орта есеппен 30%-ға ұлғаюына, ал дүкендердіӊ айналымы 17%-ға артуына алып келеді. Егер Панфилов және Жібек Жолы көшелерініӊ қайта жөндеуге дейінгі орташа ай сайынғы айналымы мұнда 25 млн. теӊгені құраса, жөндеуден өткеннен кейін көшелер 37 млн. теӊгеге дейін өсті. Өз кезегінде кәсіпорындарға келу 40%-ға өсті.

Мысалға, егер өткен жылы автокөлікті Панфилов көшесінде 18 бизнес нысаны жұмыс істесе, бүгінде жүргіншілер көшесінде бұл сан 30-ға дейін өсті. Өз кезегінде Арбатта бұл көрсеткіш екі есе ұлғайды. Яғни, бір жыл ішінде тек екі көшедегі сауда мен қоғамдық тамақтанудыӊ нысандар саны 26-дан 43-ке дейін өсіп отыр.

Панфилов көшесініӊ қайта құрылуы бизнестіӊ сапасына қалай әсер еткені жөнінде "Меломан" компаниясыныӊ бас директоры Вадим Голенко айтып берді.

"Біздіӊ дүкен Гоголь-Панфилов көшелерініӊ қиылысында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жылдары адамдар стрит-ритейлдерге, содан соӊ сауда орталықтарына кетсе, қазір жақсы сән орындарына барады. Бізде мынадай статистикаға қарсы шыққан оқиға болған. Қайта жөндеуден соӊ бұрын болмаған кітаптардыӊ сатылу өсімі басталды. Біздіӊ еліміз бойынша дүкендеріміз көп. Қазір Панфилов көшесін Қазақстанныӊ басқа қалаларымен салыстыруға келмейтіндей етіп жасады", - деп көрсетті Вадим Голенко.

Оныӊ сөзінше, қайта жаӊартылған Панфилов көшесінде орындықта кітап оқу адамдар шетелден көріп жүргенмен сәйкес келеді.

"Бүгінде Панфилов бойымен қыдыру - бұл мәдени-эстетикалық оқиға және кітаптардыӊ форматы осы суретке толық сәйкес келеді. Сондай-ақ, Панфилов көшесін туристік тартымдылыққа айналды деп айтуға болады. Бізде ағылшын тіліндегі әдебиеттердіӊ сатылымы ұлғаюда. Бұл шетелдік қонақтардыӊ пайда болғанын көрсетеді. Өзімнен білемін, Панфилов көшесін жөндеу кезінде біздіӊ дүкенде сауда төмендеп кеткен болатын, бірақ біз бұл жағдайдыӊ уақытша екенін түсіндік. Қалалық биліктіӊ таӊдаған бағыты нақты нәтижелерге әкеледі. Және мұндай жағдайда - бұл біздіӊ дүкенніӊ сатып алушыларыныӊ ризашылықтары", - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, биылғы жылы Алматыда қаланыӊ тарихи орталығын қайта жөндеу жалғасуда.

Егер өткен жылы Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Бәйсейітова және "Астана" алаӊы жөндеуден өтсе, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даӊғылдары, "Алматы-2" вокзалы аумағы және Республика сарайы алдындағы алаӊ жөндеуден өтетін болады.

Соӊғы үш жылда 524 көше мен 800 шақырымнан аса инжернерлік жүйелер салынып, жөндеуден өтті. 3787 ауланыӊ 1400-і қамтылып, күрделі жөндеуден өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны