11.03.2010, 14:50 3270

Алматыда ағымдағы жылы автожолдарды салу мен жөндеуге шамамен 10 млрд теңге жұмсалады - әкімдік

Алматыда ағымдағы жылы автожолдарды салу мен жөндеуге шамамен 10 млрд теңге жұмсалады - әкімдік

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда 2010 жылы автожолдарды салу мен жөндеуге шамамен 10 млрд теңге жұмсалады Бұл туралы Алматы қалалық жолаушылар транспорты басқармасының бастығы Владимир Меренков кеше өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылы біз шамамен 10 млрд жуық теңгені игеруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні бұл ақша бөлінді. Жол картасы аясында Алматыда 141 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. Бұған шамамен 2,8 млрд теңге жұмсап, 144 шақырымдай жол жөнделеді. Байқау өткен аптада өткізілді, қорытынды шығарылып, жеңімпаз анықталды, таяудағы апталарда көшелердегі жұмыстар басталады ", - деді В. Меренков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны