28.04.2018, 13:23 6520

Алматыда ағымдағы жылы құрылыс көлемі 40,6 %-ға өсті

Оныӊ сөзінше, мемлекет басшысыныӊ реформалары - Ұлт жоспары "5 институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам"; мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар іске асырылуда;жобалық басқару шеӊберінде экономиканыӊ өсу қарқынын 4%-дан кем емес көрсеткішке жеткізу, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жүргізілуде;

Алматы. 27 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда ағымдағы жылы құрылыс көлемі 40,6 %-ға өсті.

Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласыныӊ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Ілияс Ерікұлыныӊ қатысуымен брифинг өтті.

Оныӊ сөзінше, мемлекет басшысыныӊ реформалары - Ұлт жоспары "5 институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам";

мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар іске асырылуда;жобалық басқару шеӊберінде экономиканыӊ өсу қарқынын 4%-дан кем емес көрсеткішке жеткізу, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жүргізілуде;

Мемлекет басшысыныӊ бес ауқымды әлеуметтік бастамасын іске асыру қамтамасыз етілді.

Аталған шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ оӊ серпінін қамтамасыз етеді.

Осылай, 2018 жылдыӊ 1 тоқсанында құрылыс көлемі- 40,6%, инвестициялар көлемі -14,6%, өнеркәсіп көлемі-4,3%, бөлшек сауда - 5,9%, көтерме сауда -0,5%-ға өскен,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, биылғы жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер көлемі қысқарды. Бұл кейінгі ұрпаққа сақтау үшін, Ұлттық қордан трансферттердіӊ қысқаруына байланысты.

Жылдан жылға республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер тек қысқаратын болады және даму үшін ішкі көздерді және резервтерді іздестіру талап етіледі,-деп сөзін қорытындылады Ілияс Өсеров.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны